Мысырда ұсталған қазақстандық студенттер елге оралды
Мысырда ұсталған қазақстандық алты студент ақыры елге оралды,-деп жазды КТК арнасы.
Аталған елге тіл курсында оқу үшін барған олардың о баста жоғалып кеткені туралы айтылған еді. Бұл жағдай 24-ші шілдеде мәлім болды. Кейінірек жігіттерді Мысыр ұлтық қауіпсіздік органының өкілдері ұстап әкеткені анықталды.
Жағдайды анықтау үшін сөйлескен екі жақтың дипломаттары келісімге келе алмай қалған соң, еліміздің Сыртқы істер министрлігі араб мемлекетіне наразылық нотасын жолдады. Студенттер содан кейін ғана қамаудан босатылды. Енді олардың елге жеткеннен кейінгі жағдайы да түсініксіздеу болып тұр.
Алматыға бүгін кешкісін ұшып келген жігіттер өздерінің басынан өткен жағдай бойынша журналистердің барлық сұрақтарына жауап беруге уәде етті. Алдағы уақытта толық ақпаратты назарларыңызға ұсынатын боламыз.
Оқи отырыңыз:
Босанғаннан кейін киноға түсе алмай қалған Айнұр Ілиясова күйзеліске ұшыраған
Лидо алғаш рет “кәрі, семіз әрі тақыр басты” күйеуін көрсетті (фото)
Гастрольге жиі шығатын Аша сәбиін үйде тастап кететінін айтты