Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Босанғаннан кейін киноға түсе алмай қалған Айнұр Ілиясова күйзеліске ұшыраған

Айнұр Ілиясованы кішкентай ханшайымы аттап бастырмайды! Фотосессия, түсірілім жұмыстары тіпті сұлулық салонына да сәбиін көтеріп баруға мәжбүр. Үнемі белсінділікке үйренген актрисаға бұл жәйт қалай әсер етті?

20583067_199295947272840_8341783020998492160_n

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

«Бала етегіңе оратылған кезде, өзге іске мойын бұруға шамаң келмес», — деген ойы болған актрисаның! Дегенмен, перзентін қолына алғаннан бері жалғыз өзі бағып-қағып, үйдің де, түздің де шаруасын дөңгелетуге мұршасы бар.

«Сенің жеке өмірің жоқ. Бірақ, енді сендердің өмірлерің бар. Бұл — қуаныш, бұл — шаттық, бұл үлкен қиындық», – дейді Айнұр Ілиясова.

Әйткенмен де, Айнұр Ілясова да миллиондаған жас аналар сынды, босанғаннан кейінгі күйзелістен айналып өте алмаған. Жүйкесі тез сыр беріп, тым ашушаң болып кеткендігін дер кезінде байқай алғандығын айтады.

«Құдайға шүкір машина бар. Машинаға отырасың да «ааааа» деп айғайлап аласың. Сосын, ол шығады. Аха бұл депрессия екен ғой. Жарайды. Келе ғой маған қарай! Ал, депрессия саған не керек? Бәрі жақсы ма, менде бәрі жақсы, қош бол деп!» – дейді актриса.

Құлыншағын қайда барса да, жанынан бір елі тастаған емес! Енесінің жұмысы тым ауыр болғандықтан, немересіне көңіл бөлуге уақыты қалмайды. Ал, өз анасы бірнеше мың шақырым қашықтықта тұрады. Актриса, ханшайымын ертіп, бірнеше рет шетел асып та келді.

«Үндістанға бардық, ол кезде үш айында еді. Ол кезде тіпті оңай болатын. Өйткені, бала емізулі, жүрмейді, еңбектенбейді деген сияқты. Осы жолы Түркияға барған кезде біраз қиындау болды. Қолымда жүрді, коляскаға отырмайды», – дейді Айнұр.

Қайнаған қызу тіршіліктің ортасында жүруге дағдыланып қалған Ілиясова ханым, декреттік демалыста қол қусырып отыра алмады. Бесік тербеткендерді жиып «Бөпе – фэйр» атты жас аналар патиін де ұйымдастырды.

«Әйел адамға бір хобби керек. Кішкене енді әйел адам деградацияға ұшырайды. Сондықтан да, мен өзіме жаңа нәрсе ашқым келді», – дейді Ілиясова.

Әзірге кинематографиядағы мансабын жалғауға мүмкіндігі жоқ. Себебі, бұған дейін тек телехикаяларға ғана шықырту алған. Түсірілім алаңынан күні-түні табыла алмайтын болғандықтан бас тартуға тура келіпті. Дегенмен, таяу күндерде үлкен экранға қайта оралуға ниетті.

Жіберіп алмаңыз:

Лидо алғаш рет “кәрі, семіз әрі тақыр басты” күйеуін көрсетті (фото)

Гастрольге жиі шығатын Аша сәбиін үйде тастап кететінін айтты

 

Талқылау