Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұрнын сындырды: Алматыда жүргізуші полиция қызметкерлерін соққыға жыққан

Әлеуметтік желіде Алматыда полиция қызметкерлеріне жасалған шабуылдың видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынған

Алматыда полиция қызметкерлері патрульдік іс-шара кезінде көлікті тексеру үшін тоқтатты. Көліктегі жігіттер қарсылық көрсетіп, полицияға шабуыл жасаған. 

Оқиға видеоға түсіп қалған. Кадрлардан жігіттердің әдепсіз сөздер айтып, кейін полицияға шабуыл жасағанын көруге болады. Олар тәртіп сақшыларының бірінің ернін жыртып, мұрнын сындырған.

"Видеода мас күйінде полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған ер адамды ұстау фактісі түсірілген. Сонымен бірге, төрт ер адам өздерінің заңсыз әрекеттерімен тоқтатылған Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісіне қашып кетуге мүмкіндік берген, ол да мас күйінде болуы мүмкін. Оқиғаға қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", – делінген Алматы қалалық полиция департаментінің хабарламасында. 

Қызметтік тексеріс тағайындалды.

Талқылау