Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұны Стив Джобс көрсе, оған ауыр тиер еді": Apple жаңа iPad жарнамасы үшін кешірім сұрады

Apple компаниясы жаңа iPad жарнамасы үшін жұртшылықтан кешірім сұрады. Мұнда үлкен гидравликалық тақтайшаның түрлі заттар мен аспаптарды езгілеп таптап, соңында iPad-тың шыққаны көрсетілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото жарнама кадрларынан 

Apple компаниясының атқарушы директоры Тим Кук ұсынған жарнамада үлкен гидравликалық пресс фортепиано мен метрономнан бастап бояу банкалары мен әртүрлі заттарды езгілеп таптайды. Кейін олардың орнына iPad Pro пайда болады. Әрі қарай "тарихтағы ең қуатты әрі ең жіңішке iPad" деген дыбыс шығады.

Бұған дейін Apple жасанды интеллектпен жұмыс істейтін жаңа iPad Pro-ны шығарған еді. Голливуд актері Хью Грант өзінің x парақшасында бұл жарнамаға байланысты "Силиконның кесірінен адами тәжірибесі жойылады" деп пікір жазды. 

Америкалық кинорежиссер Джастин Бейтман да жасанды интеллекттің өз саласына тигізетін әсерін сынады. Ол "Неліктен Apple өнерді бұзып жатқан жарнаманы ұсынды? Технология мен жасанды интеллект онсыз да өнер мен жалпы қоғамды құртады", – деді.

Ал инвестор Пол Грэм “Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобс мұндай жарнаманы жарияламаушы еді” деп жазды. Ол: "Мұны Стив Джобс көрсе, оған ауыр тиер еді", – деп қосты.



"iPad Prо-ның жаңа жарнамасы таңғаларлық болса да, біздің шығармашылығымыз цифрлық экрандармен шектелетін және бүкіл физикалық өмір технологияның тынымсыз маршымен басылатын болашақты меңзейді", – деді британиялық inkling culture маркетинг агенттігінің креатив директоры Кристофер Слевин.

Бұдан кейін Apple компаниясы жұрттан кешірім сұрап, жарнаманың орынсыздығын мойындады. Жарнама теледидарлардан көрсетілмесе де, X және YouTube аккаунттарында әлі де тұр.

Талқылау