Apple ірі смартфон өндірушілер рейтингінде төменге түсіп қалды
Apple ірі смартфон өндірушілер рейтингінде екінші орынға түсіп, Samsung-тан қалып қойды. Мұндай деректі IDC зерттеу компаниясы мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay
Биыл қаңтар-наурыз айларында Apple смартфондарының жеткізілімі шамамен 10% қысқарған. 2024 жылдың бірінші тоқсанында Samsung өз үлесін 20,8% өсірді, ал Apple нарыққа смартфондардың 17,3%-ын жеткізді. Жеткізу көлемі бойынша Xiaomi 14,1%-дық көрсеткішпен үшінші орынды иеленді.
2023 жылы жеткізілімдердің 20,1%-ы Apple, 19,4%-ы Samsung компаниясына тиесілі.
Apple өнімділігі төмендеуіне Қытайдағы сатылымның азаюы әсер еткен. Биыл көрсеткіш 24% төмендепті. Өйткені Қытай билігі ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп бірқатар мемлекеттік қызметкерлерге iPhone телефондарын пайдалануға тыйым салған.
"Күн көзіне шыға алмаймын": Қазақстандық альбинос жігіт өмірі туралы айтып берді
Сөзінше, ол көбіне тек кешке қарай далаға шығып серуендейді
Баланың ас мәзірі қандай болу керек? Маман ата-аналар жиі жіберетін қателіктерді атады
Өсіп келе жатқан ағза ақуызды, пайдалы майларды, көмірсуды, дәрумендер мен минералдарды тұрақты түрде алып отыруы керек