Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдар жиіркенішті дүниелер жазады": Алматыда биіктен құлап, қаза тапқан оқушының әкесі қазақстандықтарға үндеу жолдады

Қаза болған 7-сынып оқушысы Айшаның әкесі Евгений Мұхамеджанов желідегі парақшасында қызының өліміне қатысты жазба қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото Евгений Мұхамеджановтың желідегі парақшасынан алынған

"Осы күндері бізді шын жүректен қолдаған барша жандарға алғыс айтамын. Менің кішкентай періштемнің жәннатта жүргеніне бір апта болды. Әзірге миым болған оқиғаны толығымен қабылдаудан бас тартады. Қазір бар ойымды жұмысқа бөліп отырмын. Бұл оңай емес... Біз, шынымен, тергеу органдарына сенеміз. Біздегі резонанс арқылы біз басқа жағдайларды да толығырақ қарастыра аламыз", – деді марқұмның әкесі Евгений Мұхамеджанов.

Полицейлер жалған ақпарат таратқан адам қылмыстық жауапқа тартылатынын барлығына ескерткеніне ризамын дейді ер адам.

"Адамдар қаншама сандырақ және кейде жиіркенішті нәрселер жазады. Әсіресе, мұны бұқаралық ақпарат құралдары істегенде одан да жаман. Мұндай жаңалықты оқу өте қиын", – деді белгілі эколог.


Еске салайық, бұған дейін Алматыда екі оқушы қыз тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды. Кейін оқушы қыздардың жақындары оларды бұған не итермелегенін айтқан еді. Сонымен қатар олар мектептерде телефонға тыйым салуды ұсынды.

Талқылау