Мұнай бағамы құлдырап кетті
Brent мұнайының бағамы 30 доллардан түсіп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сарапшылардың айтуларынша, соңғы рет мұнай бағамының мұндай көрсеткішке жетуі 2016 жылдың ақпан айында байқалған.
Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:32-де Brent көрсеткіші 12,05%-ға, яғни бір баррель 29,77 долларды көрсетуде. Ал WTI — 10,4%-ға азайып, 28,7 долларды құрапты.
Жаппай сатылымнан бөлек, бұл жағдайға әлемдік қор биржаларының құлдырауы да әсер етуде. Мысалы азиялық қор биржалары 10%-ға дейін төмендеп, артынша жабылып қалса, ал еуропалық әлі де болса 7-11,6% аралығында саудаға түсуде.
Мұнай трейдерлері қолданылып отырған шаралар коронавирусқа байланысты әлемдік экономикаға деген рецессияға жағымды ықпалын тигізбейді деп қорқып отырған көрінеді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған
