Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхтар Ниязов: Өмірі көркем ағамыздың өлімі де көркем болды

Бейсен Құранбектің өлімі ханды да, қараны да жылатты. Өнер өкілдері, желі оқырмандары, шенеуніктер тележүргізуші жайлы жылы естеліктерін айтып жатыр. Осы тұста айтыскер ақын Мұхтар Нияз жазба жариялады. 

Мұхтар Ниязов: Өмірі көркем ағамыздың өлімі де көркем болды

"Қанша ғұмыр кешсең де жаназада қойылатын жалғыз сұрақ " қандай кісі еді?" деген сұрақ қой. Жамағат кейде амал жоқ ернінің ұшымын "жақсы кісі еді" деп жатады. Ал ол сөзге өмірімен, ізгі амалымен, көркем мінезімен, білімімен, бар болмысымен өлгенше лайық боп өтетін жандар болады.

Бейсен ағамен соңғы рет Шымберген Сүлейменовтың ұлынының тойында Ақтөбеде жолығып едік. Оңаша, оқшау тұрған жеріне барып қалғанымда Шәкеңнің ауырып қалғанын уайымдайтынын айтып, біраз жүрек толқытатын сөздерін айтып еді.


Бейсен Құранбектің WhatsApp желісінде жазған хаты табылды


 

"Батырым" деуші еді көрген қазақты. Болар елдің баласы бір-бірін солай атайды ғой, көбіміздің айта алмай жүрген сөзіміз. Алланың жазуы осылай болыпты, баршаңызға көңіл айтамын. Бүкіл чаттар, әлеуметтік желілер, тұтас қазақ даласы бір ғана сөзді айтып жатыр.

"Жақсы адам еді". Рамазан айының соңғы он күндігінің тақ түндерінің бірінде үзіліпті. Бұл мың айдан да хайырлы Қадір түні болуы ықтимал түндердің бірі. "Қадіріңді білгің келсе, өліп көр" деуші еді ғой қазақ, қасиетті айда, қадірлі түндердің бірінде өмірден өтіпті Бейсекең. Тегінің өзі тегіннен-тегін Құранбек болмаған шығар, Құран айы ғой бұл. Өмірі көркем ағамыздың өлімі де көркем хәлде болғанға ұқсайды. Жаныңыз жаннаттан болсын, жақсы аға!", - деп жазды айтыскер. 


"Қалай ғана сыяды денең көрге": Қазақ ақыны Бейсен Құранбекке өлең арнады


 

Талқылау