Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді
Жазушы Мұхтар Мағауиннің жаназасы 11 қаңтарда АҚШ-тың Мэриленд штатында жергілікті уақытпен 10:00-де түріктің Diyanet Center of America мешітінде өтеді және сол штаттың зиратына жерленеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жақындарының жеке мұрағаты
Жазушының шетелде жерленетінін Америкадағы қазақстандықтар мәлімдеді.
“Мұхтар Мағауиннің жаназасы қаңтардың 11-і сағат 10:00-де Ленхемдегі түріктің Diyanet Center of America мешітінде оқылады, қонақасы да сол орында 13:00-де беріледі. Жерлеу рәсімі 11:00-де Parklawn Memorial зиратында өтеді”, — делінген жазушының ұлы Едіге Мағауиннің отандастарына жіберген хабарламасында.
Еске салсақ, жазушы Мұхтар Мағауиннің өмірден озғанын хабарлаған едік. Кейін Тоқаев Мұхтар Мағауиннің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар