Елдің оңтүстігіндегі университеттердің бірі 20 миллион теңгеге кресло алған

Қаржылық мониторинг агенттігі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет қаржысын жымқыру бойынша университеттің бұрынғы бірінші проректор, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, өндірістік-техникалық бөлімнің қойма меңгерушісі, сондай-ақ мердігер ұйымдардың басшылары күдікке ілінді.
Күдіктілер мемлекеттік сатып алу бойынша жалған келісім-шарттар жасаған, яғни тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген немесе олардың бағасы жасанды түрде көтерілген.
“Үлестес жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың шоттарына аударылған қаражат кейінен қолма-қол ақшаға айналдырылып, қылмыстық қатысушылар арасында бөлінген. Мысалы, осы схема аясында университет басшылығы нарықтық құны 200 мың теңгеден аспайтын бір креслоны 20 млн теңгеге сатып алған. Нақты жеткізілмегенін жасыру мақсатында күдіктілер тозған тауарлық-материалдық құндылықтарды балансынан формалды түрде есептен шығарып, оларды іс жүзінде пайдалануды жалғастырған. Ал есептен шығарылған мүліктің орнына келуге тиіс жаңа тауарлар мүлдем жеткізілмеген”, – деп мәлімдеді Қаржылық мониторинг агенттігі.
Нәтижесінде мемлекетке 321 миллион теңге көлемінде залал келтірілді Тергеу барысында күдіктілер 264 млн теңгені ерікті түрде өтеді. Соттың санкциясымен олардың мүлкіне, атап айтқанда, 4 тұрғын үйге, бір автокөлікке және банктік шоттардағы 40 миллион теңге көлеміндегі ақшалай қаражатқа тыйым салынды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып