Мұхит Әзірбаев Алматы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды
Мұхит Әзірбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Әзірбаевтың міндетіне сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары және энергетика мәселелерін қадағалау кірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әзірбаев бұл қызметті 2019 жылдың сәуір айынан бері атқарып келеді және мегаполистің екі басшысы – Бауыржан Байбек пен Бақытжан Сағынтаев ауысқаннан кейін де орнын сақтап қалған.
Мұхит Әзірбаевты қызметінен босату туралы шешім Тоқаевтың Қазақстан халқына көктемгі Жолдауына байланысты қабылданған.
"Мемлекет басшысының биылғы наурыздағы Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес және Үкімет қаулысына сәйкес облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінде мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру мақсатында 2022 жылғы 21 қыркүйектен бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев өз қалауы бойынша қызметінен босатылды", – делінген әкімдік ұсынған ақпаратта.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"