AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау үшін байқау қалай өтеді? Оқу-ағарту министрі түсіндіріп берді

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда мұғалімдерді жұмысқа қабылдау тәртібі өзгергенін айтады. Оның сөзінше, енді директорлар өз қалауымен мұғалімді қызметке қабылдай алмайды. Бұл үшін арнайы байқау жарияланады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

Мұғалім

"Сұхбат" бағдарламасында Асхат Аймағамбетов кей аймақтарда мұғалімдер тапшы екенін атап өтті. 

"Мысалы, мен Қарағанды облысында қызмет еткенде мұғалімдердің тапшылығын байқадым. Мамандарды іздеп, арнайы шақыру керек. Келген соң тиісті жағдайын жасау керек. Ал оңтүстік аймақтарда керісінше, бәсеке жоғары. Бір орынға, мектептегі сағатқа деген талас көп. Сондықтан мұнда жемқорлыққа жол бермейтін тәртіп пен ашықтық керек", – дейді министр. 

Асхат Аймағамбетов осы мақсатта елдегі мұғалімдерді жұмысқа қабылдау тәртібі түбегейлі өзгертілгенін айтады. 

"Бұрын директордың алдына екі түйіндеме түссе, директор қарап, бір маманды "Жақсы екен" деп жұмысқа алады. Алайда "Жақсы екен" дегеннің астарында мүлде басқа дүние жатуы мүмкін. Мұнда директордың субъективті ойы ескеріледі. Ал қазір мұны байқау түрінде өткізуді жөн санадық. Яғни директорлар өз қалауымен жұмысқа қабылдай алмайды", – деп қосты Аймағамбетов.

Министрдің сөзінше, аталмыш байқау электронды форматта өтеді. Ал құжат тапсыру кезінде маманға тиісті балл беріледі. 

"Мысалы,  бес мұғалім құжат тапсырды делік. Біреуі өзінің магистр дәрежесі бар екенін жазады. Бұған сәйкес балл беріледі. Енді біреуінде докторлық дәрежесі барын жазады. Сөйтіп мұғалім өз балын өзі санайды. Ал комиссия балл мен құжаттардың сәйкестігін ғана тексеріп шығады. Кімде жоғары балл болса, сол жұмысқа орналасады", – деп түсіндірді министр. 

Асхат Аймағамбетов осындай байқаудың арқасында сыбайлас жемқорлық азайып, білікті мамандардың көбейеді дейді. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр