Mycar Қазақстанда бесінші франшизасын ашты: Тексерістен өткен жүрілген көліктер енді Шымкентте де қолжетімді
12 сәуірде Шымкент қаласында Mycar франшизасының жаңа автоорталығының ашылуы өтті. Бұл – Mycar брендінің франчайзингтік желісін кеңейтудегі маңызды қадам. Орталық Шымкент пен облыс тұрғындарына жүрілген автокөліктерді ыңғайлы жағдайда сатуға, сатып алуға немесе айырбастауға мүмкіндік береді. Франшизаны Шымкентте ұсыну құқығы автокөлік нарығында 15 жылдық тәжірибесі бар luxСar компаниясына берілді.
Mycar Shymkent автоорталығы 1250 шаршы метр аумақты алып жатыр. Ол өз клиенттеріне жүрілген көліктердің мол таңдауын ғана емес, тест-драйв, білікті техник мамандар кеңесін, автонесиелеудің тиімді бағдарламаларын ұсынады. Одан бөлек, келушілерге жайлы жағдай да жасалған. Мұнда балаларға арналған ойын алаңы, автокөлікті немесе автонесиені рәсімдеу кезінде күтіп отыратын демалыс аймақтары бар. Mycar Shymkent Темірлан тас жолы 115, мекенжайындағы автоорталықтың екінші қабатында орналасқан.
Mycar Shymkent-те ұсынылатын әрбір жүрілген көліктер алдымен заң тұрғысынан тексеріліп, кешенді техникалық диагностика мен 120 пункт бойынша сатылымға дейінгі дайындықтан өтеді. Автокөліктердің жағдайы туралы толық ақпарат сатып алушыларға қолжетімді. Сондықтан әрбір клиент тексерістен өткен жүрілген көліктерді сеніммен сатып ала алады.
Mycar Shymkent клиенттеріне не ұсынады:
- Жүрілген көліктердің кең таңдауын: әртүрлі бренд пен модельдегі автокөліктерді сатып алуды.
- Сапаға кепілдік: әрбір көлік егжей-тегжейлі заңды тексерістен өтеді.
- Ашық келісім: сатып алушы автомобильдің техникалық жағдайы туралы толық ақпаратты кез келген уақытта онлайн режимде қосымша арқылы немесе Mycar.kz автоорталықтың өзіне келіп көзбе-көз біле алады.
- Автонесиелеудің тиімді шарттары: клиенттер автонесие бойынша 9 банктен мақұлдау ала алады және өздері үшін ең қолайлы шартты рәсімдеуіне болады.
- Тест-драйв: сатып алмас бұрын көлікті жекелей тексеріп, баға беруге, оның жақсы күйде екеніне көз жеткізуге мүмкіндік бар.
- Автокөлікті сату және айырбастау мүмкіндігі: Mycar Shymkent-те автокөлікті сатып алуға, сатуға немесе өзіңізге ұнаған жүрілген көлікпен айырбастауға мүмкіндік бар.
"Қазақстандық компаниямен бесінші франчайзингтік шартқа қол қойып, біз үшін маңызды Шымкент қаласының нарығына шықтық. Myсar жұмысының айрықша ерекшелігі әрқашан дамып, тұтынушы мүддесін ескеруінде болып қала береді. Біз франшиза жұмысының арқасында Mycar Shymkent-те жүрілген автомобильдерді сатып алу әлдеқайда жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз болатынына сенімдіміз. Бұл жүгірілген көліктер нарығының ашық болуына мүмкіндік береді", – деді Myсar Group директоры Ерікқали Тұржанов.
Mycar франшизасының бизнес-моделі несімен қызық?
Бүгінде Қазақстанда сегіз Myсar автоорталығы (екеуі Алматыда, біреуі Астана қаласында және бесеуі франшиза бойынша Орал, Ақтау, Қызылорда, Павлодар және Шымкент қалаларында) табысты жұмыс істеп жатыр.
Автоөнеркәсіптегі сарапшылармен жұмыс істеу арқылы компания серіктестерге жаңа бизнеске тез және оңай бейімделуге көмектеседі. Сонымен қатар оларға бүкіл Myсar экожүйесіне қосылуға мүмкіндік береді. Оған тексерілген бизнес-процестерді пайдалану да кіреді. Мәселен: ҚР және РФ ішкі базалары арқылы жүрілген автомобильдерді бағалау, есепке алу және автоматты түрде заңды тексеру үшін Mycar Pro жүйесі қолжетімді. Сондай-ақ Mycar Finance, MyCredit және MyPay сияқты қаржылық өнімдер де ұсынылады. Одан бөлек, Mycar.kz қызметкерлерді оқытуды қамтамасыз етеді және маркетингтік қолдау көрсетеді.
Қызметтер мен сервистер туралы толық ақпарат Mycar.kz сайтынан немесе қосымшасынан біле аласыз.