Autocheck.kz: Неге VIN-кодын тексермей көлік сатып алуға болмайды

Жүрілген көлікті сатып алу көп жағдайда лотереямен тең. Тіпті тәжірибелі көлік жүргізушілерінің өзі мәміледен кейін түрлі мәселеге тап болып жатады. Ал ол кезде көлікті қайтару не ақшаны өндіру іс жүзінде мүмкін болмай қалады. Көп жағдайда мұның бір ғана себебі бар: көлік таңдау кезінде оның пайдалану тарихы ресми дерекқорлар арқылы жан-жақты тексерілмейді.
Жүрілген көлікті сатып алу кезіндегі негізгі 3 қателік
№1 қателік: Сатушының сөзіне сену
"Бір ғана иесі болған", "жүрісі өзгертілмеген", "көлікке қосымша шығын қажет емес" деген сөздер көпшілікке таныс әрі сенімді естіледі. Алайда іс жүзінде мұндай мәліметтердің ешқандай ресми дәлелі болмаса, оған сене беруге болмайды.
Жүрілген көліктер нарығында мынадай жағдайлар жиі кездеседі:
- көліктің жүрісі сатылым алдында өзгертіледі;
- автокөлік қысқа уақыт ішінде бірнеше рет қайта сатылады;
- сатушы көліктің бұрынғы ақаулары мен мәселелерін жасырады.
Көліктің қолданыста болу тарихын тексермей алған сатып алушы "қара тарихы" бар автокөлікке тап болуы мүмкін.
Ең сорақысы – сатып алғаннан кейін бірнеше ай өтпей жатып қымбат жөндеу жұмыстары басталып, ал көліктің шынайы құны төленген бағадан әлдеқайда төмен болып шығуы ықтимал.
№2 қателік: Көліктің сыртқы көрінісіне сену
Қазіргі жөндеу технологиялары ауыр жол апаттарының ізін толық жасыруға мүмкіндік береді. Көлік мінсіз көрінуі мүмкін: бөлшектер арасындағы саңылаулар тегіс, бояуы жаңа, көлік салоны тап-таза.
Алайда сыртқы көрініс автокөліктің шынайы техникалық жағдайын әрдайым көрсете бермейді.
Әдемі көріністің артында мыналар жасырынуы ықтимал:
- қатты соққыдан кейін қалпына келтірілген шанақ геометриясы;
- күштік элементтердің зақымдануы;
- қауіпсіздік жүйелеріндегі ақаулар (қауіпсіздің жастығы, сенсорлар, электроника).
Техникалық қызмет көрсету орталығындағы тексеріс автокөліктің қазіргі жағдайын көрсеткенімен, оның өткен тарихын әрдайым толық аша бермейді.
Негізгі қауіп – сырт көзге ақаусыз көрінетін, бірақ іс жүзінде қауіпсіздігі күмән тудыратын көлікті сатып алу. Мұндай жағдайда жол-көлік оқиғасы орын алса, салдары өте ауыр болуы мүмкін.
№3 қателік: Құжаттарды тексеру кезінде салғырттық таныту
Көптеген сатып алушы тек VIN-код пен көліктің техникалық төлқұжатын салыстырумен ғана шектеледі. Алайда бұл жеткіліксіз.
Автокөлік:
- банкте кепілде болуы;
- тіркеу әрекеттеріне шектеу қойылған болуы мүмкін;
- көліктің қолданылуына тыйым салынған (арестте) болуы;
- сот дауларына қатысы бар болуы;
- ұрланған көлік ретінде тіркелуі мүмкін (әсіресе шетелден әкелінген жағдайда).
Кейде мұндай мәселелер тек мәміледен кейін, жаңа иесі автокөлікті өз атына рәсімдеуге әрекет жасаған кезде ғана анықталады.
Мұндай жағдайларда сатып алушы уақытын жоғалтып қана қоймай, көліктен де, ақшадан да айырылып қалу қаупіне тап болады.
"Мәселе ақпараттың жоқтығында емес – ақпарат бар. Мәселе сатып алушылардың оны пайдаланбауында. Соның салдарынан көліктер тексерілмей сатып алынады: жүріс көрсеткіші бұрмаланған, жол-көлік оқиғалары жасырылған және заңдық тәуекелдері бар көліктер кездеседі. Бұл көп жағдайда артық шығынға және мәміледен кейін түрлі мәселелерге алып келеді. Ал көліктің толық тарихы белгілі болғанда, сатып алушы оның нақты құнын біле алады және күмәнді сатып алудан дер кезінде бас тарта алады. Дәл осы нәрсе нарықты анағұрлым ашық әрі қауіпсіз етеді", – дейді автосарапшы Тимур Мұстафаев.
Автокөлік сатып алуға арналған цифрлық тәсіл
Заманауи цифрлық қызметтер көлік құралы туралы алдын ала толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат мемлекеттік реестрлер мен коммерциялық дереккөздерден алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылады.
Мысалы, Autocheck.kz қызметі мәміле жасалғанға дейін-ақ автокөліктің техникалық және заңдық жағдайы туралы толық есеп қалыптастырады, бұл сатып алушыға дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Есепте 70-ке дейінгі параметр қамтылып, құжат сайтта небәрі бір минут ішінде дайын болады.
Тапсырыс беру үшін сайтқа (немесе Mycar.kz қосымшасына) VIN-кодты енгізіп, телефон нөмірін көрсету жеткілікті. Төлем жасалмас бұрын қызмет қандай ақпарат қолжетімді екенін алдын ала көрсетеді.
Autocheck.kz сервисінің басты артықшылығы тек дереккөздердің санына ғана емес, сонымен қатар мәліметтердің сапасына да байланысты. Сервис жүздеген автосалондардан алынған ақпаратты пайдаланады, жылына 1 миллионнан астам техникалық қызмет көрсету жазбаларын өңдейді, Trade-In бағдарламасы бойынша шамамен 100 мың автомокөлікті бағалау деректерін қамтиды, сондай-ақ ресми дилерлік желілерден жыл сайын 100 мыңнан астам көлік туралы ақпарат жинайды. Бұл нарықтағы көптеген қатысушылар үшін қолжетімсіз бірегей мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жүйеде мына деректер де қолжетімді:
- сақтандыру компанияларынан алынған мәліметтер, сондай-ақ ІІМ базалары;
- Қазақстандағы ашық хабарландыру (классифайд) платформаларынан алынған деректер;
- халықаралық және ресейлік дерекқорлардан алынған ақпараттар.
Autocheck.kz сатып алушыға қарапайым әрі түсінікті артықшылықтар береді. Мұндай ақпаратпен баға бойынша саудаласу жеңілдейді, проблемалы көлік сатып алу қаупі азаяды, заңдық қиындықтардан сақтану оңай болады және тексеруге көп уақыт жұмсаудың қажеті болмайды. Нарықта қолданылған көліктер өте көп болған жағдайда, сенімді ақпаратқа қол жеткізу — бұл жай ғана қосымша артықшылық емес, қауіпсіз сатып алудың маңызды бөлігі болып саналады.
"Туысқандарым теріс айналды": 22 жасында христиан дінін қабылдаған қазақ қызы өміріндегі өзгерістер туралы айтты