Мультфильмді өзгерткен: Жас жігіттің сүйіктісіне жасаған ұсынысы жұртты сүйсіндірді (видео)
АҚШ тұрғыны Ли Лохлер өзінің жүріп жүрген қызы Сути Дэвидке ерекше жолмен үйленуге деген ұсыныс білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ли өзінің сүйіктісін лық толы кинотеатрға "Ұйқыдағы ару" мультфильмін тамашалауға алып барған. Бірақ оның тосынсый әзірлегенін Сути білмеген көрінеді.
АҚШ тұрғыны мультфильмнің кейіпкерлерін өздеріне лайықты етіп өзгертуге 6 ай уақытын жұмсапты.
Оның сүйіктісі алғашында не болып жатқанын түсінбепті, тек артынша анимациялық фильмнің кейіпкері қыздың есімін айтып ұсыныс жасаған кезде барып ұққан.
Әлеуметтік желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, жылы лебіздерін білдірісіп жатты.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі