AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мультфильмдегі біржынысты кейіпкерлер бала психикасына қалай әсер етеді? Психологтар түсіндірді

Көпшіліктің назарын аударған "Базз Лайтер" мультфильмі төңірегіндегі шу басылар емес. Туындыны прокатқа шығаруға тыйым салынғаннан кейін қоғамда түрлі пікірлер айтылды: кейбіреулер мультфильмдегі бір жынысты екі кейіпкердің “махаббаты” балаларға кері әсерін береді десе, енді бірі жауапкершілік ата-аналарда деп санайды, контентті көру-көрмеу әркімнің жеке таңдауы дейді. Бұл туралы психолог мамандар не дейді? Мультфильм кейіпкерлері балалардың психикасында әлемге өзгеше көзқарастарды қалыптастыра ала ма? Stan.kz тілшісі анықтап көрді.

Бір жынысты адамдардың махаббаты бейнеленген мультфильмге тыйым салу арқылы мәселені түбегейлі шеше алмаймыз дейді психоаналитик Шырын Айдарова. 

“Яғни қоғамның қорқынышы неде деген сұрақ туындайды. Ал ата-ананың қорқыншы не? Бұл – гомофобия. Мультфильмді бір жерде тыйым салғанымен, ол басқа жерде ашық көрсетіле беруі мүмкін. Қанша тырысқанымен, баланың өмірінде бір жынысты махаббат туралы еститін уақыт келеді, міндетті түрде”, – дейді маман.

Егер ол бұл туралы ата-анасынан немесе өзі ерекше сенім артатын адамдардан естісе, дұрыс түсіндіру сау психикаға сау жемісін береді, ал егер, бала бұл ақпаратты толыққанды қабылдамаса, бұл психиканың бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін дейді психоаналитик.

Мультфильмдер баланың психикасына қалай әсер етеді?

Психолог сөзінше, баланың психикасының қалыптасуына ол көретін барлық контент түрі әсер етеді. Себебі бала сол жерден ақпарат алады. Дегенмен ата-ана оның психикасының сау болғанын қаласа, толғандырған сұрақтарына жауап беріп, түсіндіргені дұрыс.

“Бұл жерде ата-ана бір жыныстылардың сүйісіп тұруы нені білдіретінін түсіндіргені жөн. Кейбір бала үшін бұл маңызды да болмауы мүмкін.

Осы мәселеге аса назар аудармай ата-ана өз нормасын баласына жеткізуі керек. Мәселен, “екі түрлі жынысты әке-шеше – бұл норма” деп балаға түсіндірсе, ол да оны қалыпты деп қабылдайды. Ал егер бала өмірде ата-анасы біржынысты некеге жақсы қарым-қатынас танытатынын көрсе, ол мұндай махаббат түрі қалыпты деген оймен ер жетеді”, – дейді Шырын Айдарова.

Қазір кино экрандарынан бір жынысты кейіпкерлерді фильмдерден, мультфильмдерден де көретін болдық. Олар жақын болашақта балалар еліктейтін басты кейіпкерлерге айналуы да ғажап емес. Бұл жағдайдың қаншалықты алаңдатарлық екенін және ата-ананың бұл тұрғыда не істей алатынын сұрадық.

“Ата-ана баласының қандай контент қарайтынын бақылап, сүзгіден өткізгені дұрыс. Сонда ғана ол баласының не көретінін біле алады. Сондықтан ата-ана баласының қандай туындыларды қарайтынан хабарда болу керек”, – дейді маман.

Балаларға қандай мультфильм көрген абзал?

“Бала өз жасына сай мультфильмдерді көру керек. Оған кейіпкерлер мен олардың табиғатын түсіндіру маңызды. Көркем туындыны бірге көріп, ішіндегі кейіпкерге қалай қарайды, не үшін ұнатады немесе не үшін ұнатпайтынын сұрау қажет. Демек мультфильмдерді баламен бірге көру, оны талдау өте маңызды. 

Оларды баланың бойындағы қорқынышты жеңуге пайдалануға болады. Яғни мультиктер баланың психикасының қалыптасуында үлкен рөл ойнайды”, – дейді Айдарова.

3 жастан бастап бала жыныстық ерекшеліктерді енді-енді байқай бастайды. Қыз өзінің қыз екенін, ұл өзінің ұл екенін түсінеді. Бұл жасқа дейін олар адамның бір жынысқа тән болуы туралы ештеңе білмейді дейді психоаналитик.

Маман одан кейінгі баланың жетілуі қоршаған ортаға байланысты екенін баса айтты. Баланың ата-анасы бір-біріне қандай қарым-қатынас жасайды, сондай-ақ, тұтынатын контенттен қандай ақпарат алатыны маңызды.



Ересектерге арналған контент көру балалардың бағдарына қалай әсер етеді?

Мультфильмдер мен фильмдер балаларға өз жасына сәйкес әртүрлі әсер етеді екен. Психоаналитиктің айтуынша, үш жасқа дейін бала кинофильмдерді қабылдамайды, мультфильмдерді де өзінің санасының мүмкіндігіне қарай ғана қабылдайды.

“Сәл есейе бастағанда балалар төсек қатынасындағы сахналарды көргенде ересектер сияқты емес, керісінше зорлық-зомбылық түрінде көреді. Мектеп жасында кинофильмдерді шынайылық тұрғысында көргісі келеді.   Әрине, барлығы санасының қабылдау деңгейіне байланысты. Жасөспірім жаста мульфильм мен кинофильмді ересек адамдарша қарайды. 

Сондықтан ЛГБТ қатысуымен болған фильмдер бала психикасына қаттырақ әсер етеді деп айта алмаймыз. Себебі бала кез келген жыныстық қатынасты зорлық-зомбылық ретінде көреді. Яғни ондай жаста ақылға салып ажырата алмайды. 

Сондықтан, балаларды ересектерге арналған төсек қатынасы бар сахналарды көруден,  дәстүрлі емес қатынастарды көрсетуден сақтау қажет. Егер кездейсоқ көріп қалған болса жас мөлшеріне сай түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек”, – дейді Шырын Айдарова.

“Ер баланың жынысын ауыстыруға ниеттенуі өз әкесін қабылдамауында болуы мүмкін”

Шырын Айдарова әр адамның жыныстық бағдары туабітті қалыптасады дейді. Дегенмен есте сақтау қажет дүние бар.

“Біздің жынысымыз өз тағдырымыз, өміріміз. Демек, негізгі бағдар да туабіті. Кішкентай баланың қызығушылығы арқылы ересектерге арналған кинофильмді көру оның психикасына зардабын тигізуі мүмкін. Мұның алдын алу үшін балаларды сексуалды типтегі ересектерге арналған кинофильмдерден сақтандыру қажет. Яғни балалардың психикасының бұзылуына жол бермеу керек. Ал бұған өз кезегінде жол берілген болса, байбаламға салмай, сөйлесу арқылы бәрін анықтап психологтың көмегіне жүгінген жөн.

Мультфильмдегі тәрбиенің жөнін бала өзінің миына қабылдайды, сіңіреді. Ал егер дәстүрлі емес жыныстық көзқарасты дәріптеп және де бұл көзқарасты үнемі біз айтқан норманың нұсқасы ретінде көрсететін болсақ, бала да дәл солай қабылдайтын болады”, – дейді Шырын Айдарова.

Маман баланың дәстүрлі емес көзқарасты ұстануы отбасылық травмадан басталады дейді.

“Қазір ақпарат қолжетімді және бақылауда емес, еркіндік көп. Сонымен қатар жасөспірімдердің дәстүрлі емес көзқарасқа үлкен буын адамдарындағы сияқты гомофобия жоқ. Бұған қарап барлық жасөспірімдер дәстүрлі емес көзқараста деп айта алмаймыз. Баланың мұндай көзқараста болуы ең алдымен қоршаған ортасынан, отбасынан басталған травмадан деуге болады.

Егер адам жынысын ауыстырғысы келсе, бұл ретте адамның бойында бар психикалық травманы айта аламыз. Мәселен, ер баланың жынысын ауыстыруға ниеттенуі оның өз әкесін әке ретінде қабылдамауында болуы мүмкін. Бұл тұста жеке жұмыс жасау қажет”, – дейді ол.

Қазіргі ата-аналардың біліктілігі аз ба?

Біздің қоғамда бұл тақырыпты қозғап, мұндай тақырыпта сөйлесу дағдысы жоқ дегенмен маман да келісіп отыр. Оның себебі ата-ананың құлықсыздығы мен бұл мәселеге ұят ретінде қарауынан болуы мүмкін дейді ол.

“Дегенмен қазір көп әдебиеттерді оқып, психологтарға баратын, баланың барлық ыңғайсыз сұрақтарына жауап бере алатын ата-аналар бар. Қазір басқа заманда өмір сүріп жатқанымызды түсінуіміз қажет. Балалар 90 пайыз ақпаратты ғаламтордан алады. Барлығын сұрыптау үшін ата-аналар да сауатты, барлығына дайын болған жөн. Баланың дамуына, жан дүниесінің жақсы қалыптасуына жіті мән берген дұрыс.

Егер ата-аналар мұндай контентті көруге баланың жас мөлшеріне қарай рұқсат бергені абзал. Бұл – ата-аналардың міндеті. Бір жынысты некелердің, махаббаттың болатынын түсіндіру қажет. Бұл біз айтқан норманың бір нұсқасы немесе дұрыс емес түрі деп ата-анасы ақпарат беруі керек. Әрине, баланың реакциясына қарау керек, сөйлесіп, ыңғайсыз сұрақтарға жауап алу қажет. Ол тек қана жыныстық дамуға қатысты сұрақтар болмауы мүмкін. Баланы түсінуге тырысып, күнделікті өзгерістеріне мән беріп, жан дүниесінде не болып жатқанынан хабардар болу керек”, – дейді психолог.

Балаларға арналған туындыларды талдайтын сарапшылар керек

Ата-ана жауапкершілігі бір болса, балалар аудиториясына қандай өнім шығаратынына жауапты болатын арнайы мамандар керек дейді балалар психологы Гүлдана Бабаомарова.

““Базз Лайтер” мультфилімнен бұрын да бала санасын улайтын қаншама мультфильмдер көрсетілді. Балалар көретін туындыларды саралайтын, сүзгіден өткізетін сарапшылар болу керек. Қазір экранда қаншама дүние көруге болады, оған ешкім мән беріп жатқан жоқ. Содан соң, ата-ана да баланың не көретініне жауапты. 

Баланың психологиясына мұндай мультфильмдер әсерін береді. Себебі ол бұл көріністі көріп, өзінше зерттеп, бірнеше рет көрген соң оны қалыпты деп таниды”, – дейді Гүлдана Бабаомарова.

Бүгінде баланың қолындағы телефонды “ең үздік ойыншық” деп атауға болады. Сондай-ақ, оны емізік ретінде де қолданып келе жатыр дейді маман.

“Бір жасқа толмаған баланың өзіне телефон берсе, бірден тыныштандыратын жағдайға жеттік. Баланың не көретінін әрбір ата-ана өзі таңдауы керек. Қазір балаға көрсетуге тыйым салынған контентті бұғаттайтын арнайы қосымшалар бар. Баланың санасын жақсы жаққа бұратын, ұлттық идеологияны бұзбайтын, білім, тәрбие беретін мультфильмдер де жетерлік. 

Біржынысты кейіпкерлерді сипаттайтын мультфильмдер көбейіп жатқанын да көріп отырмыз. Олардың әрқайсысын саралап, күресудің орнына, әрбір ата-ана баламен уақыт өткізіп, сырласса, оның дамуына үлес қоса отырып, ақ пен қараны ажыратуға машықтаса көрген контенттен бала оғаш іс-әрекеттерге бара қоймайды”, – дейді маман.

Сөзінше, “Базз Лайтер” мультфильмі жыныстық тәрбиені насихаттап жатыр. Осы себепті бұған үкімет тарапынан тосқауыл керек дейді маман.

“Тіпті кейбір әлеуметтік желілерде біржыныстылықты насихатап жүргендердің видеоларын еркін көруге болады. Бұған мемлекет тарапынан ешқандай тоқсауыл, бақылау жоқ. Осы арқылы жасөспірімдер мен жеткіншектер еркіндікті пайдалана отырып, саналы түрде оғаш іс-әрекетке баруы мүмкін. Қазақ менталитетіне жат, құндылықтарды жоятын, тәрбиеге кері әсер тигізетін дүниелердің өрбімеуіне министрлік тарапы қолға алса деп ойлаймын. Оның үстіне, бұл биыл алалар жылындағы министрліктің қосқан үлесі болар еді”, – дейді балалар психологы.

Еске салсақ, танымал кино актері, продюсер, режиссер Нұртас Адамбай “Базз Лайтер” мультфильміне тыйым салу керек деген бастама көтерген еді. Артынша мульфильм прокаттан алынып тасталды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр