Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхамеджан Тазабек қоғамда болып жатқан азғындықтарды ақырзаман белгісі деп атады

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Мұхамеджан Тазабек қазіргі қоғамда болып жатқан келеңсіздіктерді ақырзаманның белгілері деп атады.

17328

“Бір жақта белсіздікке ұшырап, беделден ажырап жатқан отағасылар, бір жақта немересіндей бүлдіршінге шауып, бүлініп жатқан опасыздар… Ақырзаманның белгісі емей немене?!

“Әй, дейтін әже мен қой, дейтін қожаның” ауылы алыста қалды… Көшеге шықсаң көзің, дыбыс шықса құлағың қоздырушы ақпаратты алып кеп, қу жүрекке құйып жатыр… Ақылға бағынатын ағза қалмады. Бұзылған жүрек пен құтырған нәпсінің қалауын орындап шауып бара жатқан жұрт… Дарақы отырыс, даңғаза әуен билеп тұр, бізді…
Арам ойлы аға, желіккен жеңге көбейді…

“Құдашадан құр қалма” деп, әзілдегендердің бүгінгі ұрпағы сәбиге көзін сүзіп отырған сұмдар мен ағайынына асылатын азғындарды өсіріп шығарды… “Құдайдан қорықпағаннан қорық” деген ел едік. Алладан алыстадық па…? Дәстүрден жырақтадық па…? Тәрбиені тәрк еттік пе…?

Әлемнің үрдісін үйреніп аламыз,
деп, жүргенде, жамандық үлгісіне иленіп бара жатқандаймыз. Аллаға сиынып, отбасылық құндылықтарды құнттап, садақа беріп, сауап іздемесек, жамандық жар астында, бәле қыр астында. “Мүминнің ақысын Құдай жемейді” деген.
Адал құлдарына Алла пана болсын!!!”, – деп жазады Мұхамеджан Тазабек желідегі парақшасында.

Тағы да оқыңыз:

Астанада 15-қабаттан секіріп кеткен қызға қан керек болып жатыр

Мүгедек жан Жеңіс күні құрметіне Уфадан Астанаға арбамен келе жатыр

Алматылық тұрғын емшінің емінен кейін ауруханаға түсіп қалды

Алматылық бизнесмен 29 млн теңгеге музыка мектебіне жаңа спорт алаңын салып берді

Талқылау