Алматылық тұрғын емшінің емінен кейін ауруханаға түсіп қалды
Алматылық тұрғын емшінің емінен кейін ауруханадан бірақ шықты.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті емнен кейін өзін жайсыз сезінген ер адам 3 мамыр күні Іле аудандық ІІБ-ға арыз жазды.
Жәбірленушінің сөзінше, халық емін қолданатын азамат одан қан шығарған. Осы жайттан кейін ол ауруханаға түскен. Шағымды қабылдаған полицейлер бірден тексерісті бастады. Ем қолданған азамат құзырлы орган қызметкерлеріне тиесілі құжаттарын көрсете алмаған. Қазір 46 жастағы ер адам тергеліп жатыр.
Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР ҚК 332-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі процесс басталды. Ал күдікті емші тергеу барысында ешқайда кетпеу жайында ескертілді.
Алматыда әскери қызметкер сағызға қақалған қыздың өмірін қалай құтқарып қалғанын айтып берді
Хасен-Сұлтан оқиға дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын айтады
Алматыда Непалдағы ауқымды сел тасқыны қайталануы мүмкін бе: Сарапшылар қауіпті бағалады
Сарапшы Ақсай бөгеті құрылысының тоқтап қалғанына алаңдаулы