Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мүгедек жан Жеңіс күні құрметіне Уфадан Астанаға арбамен келе жатыр

Арбаға таңылған мүгедек жан Ильдар Галиакбаров Уфадан Астанаға сапар шекті. Ол бұл саяхатын Жеңіс күніне арнайды.

2172493

Ильдар Қостанай қаласына жетіпті, енді межелеген жері — Қазақстан астанасына аттанбақ. Уфа түбіндегі Иглино ауылының тұрғыны айтып өткендей, жол апатына түсіп, екі аяғы мен саусақтарынан айырылған, деп жазады “Наша газета” басылымы.

Соған қарамастан үш жыл бұрын саяхаттауға шешім қабылдайды. Ильдар арбасымен Башқұртстанның солтүстік-шығысында 800 километрді жүріп өткен, кейін 23 күнде Севастополь қаласына жетеді. Оның ендігі мақсаты — мың жарым шақырымды жүріп өтіп, Астанаға жету. Ол қазақстандық ардагерлерге башқұрт ардегерлерінің хатын әкеле жатыр. Галиакбаров Уфадан 17 сәуір күні шыққан, күніне жүз шақырымдай жүреді. Қостанайда арбасының жылдамдық механизмі бұзылып, жөндеуге беріпті. Ильдар қазақстандықтардың қонақжайлығын ерекше атап өтіп, Қостанай халқының құшақ жая қарсы алғанына таңданысын жасырмады.

Тағы да оқыңыз:

Алматылық тұрғын емшінің емінен кейін ауруханаға түсіп қалды

Қытайлық әйел такси жүргізушісінің жол үстінде жасаған жыныстық дөрекі әрекетін видеоға түсіріп алған

Алматылық бизнесмен 29 млн теңгеге музыка мектебіне жаңа спорт алаңын салып берді

Талқылау