Мүгедек жасөспірімді аязда қалдырды деген жүргізуші жұмысқа қайта кірісті
Елордада мүгедек жасөспірімді аязды күні қалдырып кеткен жолаушы жұмысына оралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: pixabey.com
Ол туралы Аскар Джапаровтың Фейсбук парақшасында белгілі болды. Асқардың айтуынша, автобус жүргізушісін жұмыстан шығару әу бастан-ақ заңсыз болған. Ол өзінің жұмыс ережесін сақтап, билетсіз жолаушыны алмауға құқы бар.
Кәсіподақтың араласуымен бірнеше кеңес беру шаралары мен оқиғаға қатысы бар адамдардың арасында келіссөздер де жүргізілді. Нәтижесінде, жүргізуші жұмысын жалғастыратын болды.
"Тобырдың айтақтауына көне беруге болмайды. Әйтпесе қоғамда хаос орнайды", - деді Аскар.
Естеріңізге сала кетейік, қарашаның 20-сы Нұр-Сұлтандағы автобустардың бірінде 17 жасар мүгедекті жол жүру билеті болмағаны үшін күннің суығына қарамастан жүргізуші тастап кеткен болатын. Осыған байланысты дау туып, жүргізуші жұмыстан кеткен еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"