"Мойындағанын күтіп отырмыз": Әлемдік БАҚ Ресей зымыраны Ақтауда құлаған ұшақты атып түсіргенін хабарлап жатыр
Reuters агенттігі Ақтау маңында құлаған Әзірбайжан әуе жолдарының ұшағын ресейлік зымыран атып түсіргенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ТЖМ
Reuters басылымы Әзірбайжандағы тергеумен таныс 4 дереккөзіне сілтеме жасап, ұшақты ресейлік “Панцирь-С” әуе қорғаныс жүйесі атып түсіргенін хабарлады. Дереккөздердің бірінің айтуынша, ұшақ бортындағы байланыс жүйесі "электронды соғыс жүйелерінің әсерінен" істен шыққан.
-
"Жарылыстың дыбысын естідік": Ақтаудағы апаттан тірі қалғандар ұшақтың қалай құлағанын айтып берді
"Ешкім бұл әдейі жасалды деп айтып жатқан жоқ. Алайда Ресейдің Әзірбайжан ұшағын атып түсіргенін мойындағанын Баку күтіп отыр", – дейді Reuters агенттігіне сұхбат берген дереккөз.
Еске салсақ, бұған дейін Euronews басылымы да Ақтаудағы ұшақ апатына ресейлік зымыран себеп болғаны туралы ақпарат жарияланған еді. Басылымға 26 желтоқсанда Әзірбайжан үкіметінің дереккөзі Embraer E190AR ұшағының құлауына ресейлік "жер-әуе" зымыраны себеп болғанын растаған. Ал ұшақ апатын зерттеу бойынша комиссия төрағасы, вице-премьер Қанат Бозымбаев ұшақ апатының себебіне қатысты ешқандай нұсқаны растап немесе жоққа шығара алмайтынын мәлімдеді.