Мөлдір Әуелбекова: Ұлымды 2 жасына дейін омырау сүтімен өсіремін
Мөлдір Әуелбекова өзге әріптестері секілді әлі күнге дейін сәбиінің жүзін көрсетпеуінің себебін айтты. Әнші тіл-көзден қатты қорқады екен. Мұнымен қатар, ол екі жасына дейін ұлын омырау сүтімен өсіретінін айтты.
Сурет: Мөлдір Әуелбекованың фан парақшасынан
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.
“Мен декреттік демалыстан ресми түрде шығып, жұмысқа кірісіп кеттім. Инстаграм парақшама да жұмысқа қатысты суреттер мен видеоларды көп салып жүрмін. Осыны көріп “Ары-бері көп шығып жүр екенсіз. Балаға обал емес пе?” деген секілді пікірлер айтылады. Сәбиімнің дүниеге келгеніне 7 ай толды. Жұмысыма қарамастан, екі жылға дейін балама омырауымнан сүт ішкізгім келеді. Кейін өзін алаңсыз қалдырып, жұмысқа шыға берсем болады. Шынымды айтсам, ол бейнебаян өзім үшін де тосынсый болды. Ұлымның шілдеханасында өзімнің әпкем және директорым Меруерт ханым маған тосынсый жасап, бейнебаян түсіріп беретінін айтты. Қаражат мәселесін толықтай өз мойнына алды. Ақырында бейнебаян тойға бір күн қалған кезде түсірілді. Таразға тойға дайындалуға барған кезде, бірден осылай іске кірісіп кеттік.
Бейнебаянда ұлымның жүзін көрсетпеуге тырыстым. Тіл-көзден қатты қорқамын. Бұл бар нәрсе. Көрсетпесең, “Неге көрсетпейсің? Жалғыз сенде ғана бала бар ма?” дейді. Көрсетсең, “Ерте көрсетіп қойдыңыз ғой. Қорықпайсыз ба? Неге балаңызды аямайсыз?” деп жатады. Адамдар әртүрлі. Сол себепті бір жасқа дейін шыдауды жөн көрдік. Бірақ, байқаусыз желіге суреттері кетіп қалды. Мен қайсыбіріне өшір деп ескерту жасап отырамын. Оның үстіне халық көріп үлгерді. Бұйырғаны осы шығар. Көліктегі суретті енем байқаусызда салып қойған екен. Енемнің парақшасынан барлығы көшіріп алған”, – дейді Мөлдір Әуелбекова.
Жіберіп алмаңыз:
Ерке Есмахан: Ұлымның камерадан қорықпайтынын көріп қатты таңқалдым
Жорабаева: Ажырасқалы ыңғайсызданып, өзімді төмен сезінемін
Ерке Есмаханға астаналық жігіті отбасын құруға ұсыныс білдірген
Талғат Жорабев ер адамдардың келіншектері босанғанда серіктес болуына қарсы шықты