Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова: Өздеріңіз қытайдың киімін киіп, америкалықтардың шалбарын тырыстырып жүрсіздер ғой

Мөлдір Әуелбекова бес парыздың бірі болған намазды оқып, орамал таға бастады. Мұны бірі қолдаса, бірі айыптап жатты. Сахнада орамалдың ерсі көрінетінін айтқан тыңдарманы жетерлік. Әнші осы тұста өзін араб болып кетті деп айыптағандарға жауап берді. 

Айта кетейік, жақында екінші мәрте тұрмыс құрған әнші есімін Айша деп ауыстырып, мұсылманша атты иемденді. Орамал тағып ән айтып, көп алдына шығып жүр. Бұған көзі үйренбеген желі қолданушылары түрлі пікір жазысты. 

"Арабтың киімін киіп не керек? Қазақты араб қылудың керегі жоқ. Қазақтың киімдері мұсылманға жат емес. Хиджаб киіп, қазақтың салтын құртып жатыр", - деп айыптады олар. 


"Бекболат Тілеухановтың келінісіз бе?": Мөлдір Әуелбекова қайын жұртымен демалып жүр


"Арабтар да бұрын пұтқа табынған. Кейін исламды қабылдай келе орамал таға бастаған. Бұл арабтың киімі емес, мұсылманның киімі. Алланың әмірі. Қазақтың салтын ұстанатын болсаңыздар, қайсысыңыз кимешек киіп, көшеде үкі тағып жүрсіздер? Бәріңіз қытайдың киімін киіп, афроамериалықтардың джинсы шалбарын тырыстырып, түріктің көйлегін киіп жүрсіздер. Дін ұлтқа бөлінбейді. Бастысы Алланың әмірін тыңдап, әурет жерді жабу. "Басқа бәле -тілден" дейді. Өздеріңізге күнә жинамаңыздар. Екі періште бәрін жазып отыр. Сіз бен біздің сөзіміз үшін де жауап береміз. Жүректеріңізге иман берсін", - деп жазды олар.

"Жарасып тұр өзіңе орамалың. Аллаға жағар бәлкім бұл амалың. Әттең қазір көп қыздар білмейді ғой, Жалаң бас боп жүргеніне сұраларын", "Ееееең сұлу келіншек, әдемі жарасады", - деп жазды желідегі қолдаушылары. 

Талқылау