Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бекболат Тілеухановтың келінісіз бе?": Мөлдір Әуелбекова қайын жұртымен демалып жүр

Жақында екінші мәрте тұрмыс құрған әнші Мөлдір Әуелбекова қайын жұртымен бірге демалыста жүр.

Әнші жаңа қайын жұртымен Қазақстанның ең көрікті мекендерінің бірі Көлсайда демалып жатыр. Бұл туралы Әуелбекованің өзі хабарлады. 

"Қайын жұртымның игі жақсыларымен! Служу қайын жұрту", - деп әзілдеді әнші. 

Әнші қайын жұртының суретін жариялады. Олардың арасынан Бекболат Тілеухановты да көруге болады. Бұл желідегі оқырмандарын қызықтырып қойды. 

Айта кетейік, әнші қасиетті Рамазан айында екінші мәрте тұрмыс құрды. Екінші рет ақ келін атанған әнші сүйінші хабарды өзі мәлімдеген еді. Алайда желі қолданушыларына жолдасының кім екенін айтқан жоқ. Желі қолданушылары арасында жұбайының жүзін бір көрсетуді сұрағандар саны көп. 

"Бекболат отыр ғой, соның келінісің бе?", "Сіздің күйеуіңіз қайсысы?", "Неге оранып кеттіңіз?", "Бәрі намаз оқи ма?", "Машалла, жарадыңыз, береке берсін, бәрінен оздыңыз", "Мен қуаныштымын", "Бақытты болыңыз, бәрі бақытты болсыншы", - деп жазды желідегілер. 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр