Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова: Маған өздері тиіспесе, мен ешкімге тиіспеймін

Кезіндегі «КешYOU»-дағы ашық-шашық» образдарын, продюсердің талабы болатын,  – деп түсіндірген Мөлдірдің сұхбаты, қазнетте қызу талқыға түскен еді. Әуелбекованың бұл сөзіне шамданған Баян да, желіде өз жауабын берді. Десек те ұстаз бен шәкірт арасындағы текетірес оң шешімін тапқан сыңайлы.

31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында Мөлдір Әуелбекова барлық адамның қателесетінін және кез-келгеннің бойында кешірімділік болу керек екенін айтты.

«Маған адамдардың өздері тиіспесе, мен өзім ешкімге тиіспеймін. Үнсіз жүре беремін. Оны қанша жылдан бері халықтың өзі көріп отыр. Барлығымыз қателесеміз. Барлығымыздың кемшілігіміз болады. Бұрынғы күндері тек Баян ғана емес, достарыммен, құрбыларыммен араласпай кеткенмін. Туысқандар да араласпай кетіп жатады. Кешіруге дайынбыз бір-бірімізді. Неге кешірмеске? Барлығымыз Алланың алдында бірдейміз», – дейді әнші.

Еске сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова КешYou тобында продюсерлердің талабы бойынша ашық-шашық киінгенін, тіпті сол үшін топтан кеткенін айтқан еді. Баян Алагөзова көп күттірместен Мөлдірдің шағымына жауап беріп, бар шындықты айтуға шақырды. Мұнан кейін продюсер Мөлдірдің көзіне қарап шындықты айтудан ұялмайтынын айтқан еді.

Оқи отырыңыз:

Төреғали Төреәлі қажылыққа аттанды

Сәкен Майғазиев: Көлігімді сатпаймын, концертіме демеушілер табылды

Анасын тербетіп, жылы сөздерін аямаған Қайрат Нұртастың інісі жұртты сүйсіндірді (видео)

Қайрат Нұртастың әкесі: Құдай маған екі келінімді өз балаларымнан артық етіп берген

Талқылау