Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова: Мөлдірдің көзіне қарап шындықты айтудан ұялмаймын

Осыдан бірер апта бұрын Мөлдір Әуелбекова КешYou тобында ән салған шағында продюсерлердің талабы бойынша ашық-шашық киінгенін мәлімдеген еді. Әншінің бұл сөзі продюсердің шамына тиді. Баян Мақсатқызы көп ұзамай Мөлдір Әуелбековаға жауап берді. Оны ашық “айқасқа” шақырып, ел алдында бар шындықты айтуға шақырды.

Алайда Әуелбекова экс-продюсерінің шақыруын қабылдауға асығар емес. Ал Алагөзова 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында сөзінен айнымайтынын айтты, деп жазады Stan.kz. 

“Мен Мөлдірдің сұхбатына қатысты пікір білдіргім де келмейді. Сондықтан да Мөлдірді ашық әңгімеге шақырдым. Себебі қанша жыл өтсе де арамызда не болғаны халыққа қызық. Жұрт қосып айтады, ал бірақ шындықты мен де, Мөлдір де жақсы білеміз. Сондықтан да оның көзіне қарап, бар шындықты айтайық деуден ұялмаймын.

Мөлдір мені бірнәрсеге үйретті немесе Бағым екеуміз соның ыңғайына қарай жұмыс істеді деудің өзі күлкілі. Ақылға сыймайтын ақымақтық. Топ репертуары ешқашан да әншінің ыңғайына қарап таңдалмаған, қашанда барлығын тек продюсерлер таңдайтын. Келісім-шартқа отырсаң, талапты орындауға міндеттісің. Әлі күнге дейін осындай бірбеткей бағытта жұмыс істеймін. Бұл менің ережем, бұл менің тобым. Сондықтан олар бірінші кезекте менің қалауымды орындайды. Ұнамаса, кете беруіне болады”, – деп мәлімдеді Баян Мақсатқызы.

Сондай-ақ, продюсер алдағы уақытта КешYou тобы туралы толықметрлі кинокартина түсіруді жоспарлап отырғанын ашық айтты. Алайда оған кімді шақыратынымды әзірге айтпаймын, деп қызықтырды ол. Ал 6 жыл бойы КешYou-де ән салған Әуелбекова экс-продюсері тарапынан киноға шақырту түссе, ойланып көретінін айтты.

Өз кезегінде Мақсатқызы Мөлдірге деген көзқарасының соншалықты жаман емес екенін аңғартты.

“Мөлдірдің продюсерлікке бет бұрғанына қуаныштымын. Оған сәттілік тілеймін. Ол топты басқарудың қаншалықты қиын екенін енді түсінетін болады. Оған беретін кеңесім, егер әр қыздың пікірін сұрайтын болса, оның арты бейберекетсіздікке алып келеді”, – дейді Алагөзова.

Еске сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова КешYou тобында продюсерлердің талабы бойынша ашық-шашық киінгенін, тіпті сол үшін топтан кеткенін айтқан еді. Баян Алагөзова көп күттірместен Мөлдірдің шағымына жауап беріп, бар шындықты айтуға шақырды.

Жіберіп алмаңыз:

14 жастағы Айаруға ересек азаматтар сезім білдіре бастады

Нұржан Керменбаев екінші ұлдың әкесі атанды

Сөз беремін, мен енді өзгеремін: Төреғали халықтан кешірім сұрады

Айсәуле Бақытбек қымбат көлік мініп, бағалы сөмке ұстайтын инстаграм жұлдыздарының түкке тұрмайтынын айтты

Талқылау