Мөлдір Әуелбекова әкесіне жаңа көлік сыйлап, көзіне жас келтірді
Мөлдір Әуелбекова отбасылық қуанышымен бөлісті. Ол әкесіне су жаңа көлік сыйлады. Өз кезегінде қызынан мұндай сыйды күтпеген Есіркеп әкей көзіне жас алып қалды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ал құтты болсын! Өз басым ата-анама көп көңіл бөлетініме сіздер куәсіздер. Қолдан келгенше қалауларын айтқызбай жасауға тырысамын. Көп сөйлесемін, көп еркелетемін, көп қыдыртамын.
Менің жетістікке жетіп, жарқырап өмір сүріп жүргенім осы ата-анамның маған деген ризашылығынан деп білемін. Аллаға шүкір, әлі де талай қызықтар алда күтіп тұрғанына сенімдімін!
Дәл осы қағиданы курс етіп сатып және сатып алып жүргендер қаншама?! Ақша мен уақытты үнемдеп, тек жай ғана ата-анаға көңіл бөлсеңіз болғаны, арғы жағын Алла өзі-ақ реттеп қояды! Ол рас! Ақиқат! Біздің әрбір сәтті қадамымыз, Алланың қалауымен ата-анамыздың көңілінен екенін ұмытпайық. Әрбірімізге ата-анамыздың ризашылығын алу бақыты бұйырсын!" – деп бөлісті әнші желідегі парақшасында.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”