Өлген мысықты балконға асып қойған атыраулық әйелдің әрекеті жұртты шошытты
Атырау облысы Жылыой ауданында әйел мысықтарды өлтіріп, балконға асып қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, атыраулық тұрғын мысықтарды даладан ұстап әкеліп, өлтіріп, балконға асып қойған. Мұны көрген қала тұрғындары шошып, полицияға хабарласқан. Куәгерлердің айтуынша, әйел мұндай әрекетке бірнеше рет барған.
Полиция ҚР КК-нің 201-бабы бойынша оқиға жайлы ақпарат жариялауға келмейтінін мәлімдеді.
Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол ҚР ҚК-нің 316-бабы (“Жануарларға қатыгездік көрсету”) бойынша 30 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Сонымен қатар бұл бап бойынша 120 АЕК (2021 жылы 350 040 теңге) көлемінде айыппұл немесе 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту қарастырылған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған