Мысық жемей қойды: Әйел супермаркеттен сатып алған тауық етінің түнде жанғанын айтты
Украинаның Ивано-Франковск қаласының тұрғыны ерекше тауық сатып алғанын айтып желі қолданушыларын таңғалдырды.

Бұл туралы Facebook-те жазды.
Қараңғыда жарқырай көрінетін тауық етін жергілікті супермаркеттен алғанын атап өтті.
"Мен оны супермаркеттен сатып алдым. Борщ жасап, мысыққа бердім. Мысық ішкен жоқ. Түнде тұрып қарасам, тауық жарқырап көрініп тұр", - деді әйел.
Оның айтуынша, тағам өте дәмді болып шыққан. Әйел етті қоқыс жәшігіне тастамақ болғанда саусақтарына жағылған майлар да жарқырап көрінген.
Кейбір қолданушылар дүкенде құстың жарамдылық мерзімін ұзарту үшін қараңғыда жарқырайтын фосфат қоспалары қолданылған деп болжайды. Басқалары тауықтың жарқылын оның терісіне сирек кездесетін бактериялар түрі әсер етті деп ойлады.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"