"Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі бір апталық касса бойынша басқа фильмдерді басып озды
Қазақстандық "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің өткен аптадағы кассалық жиналымы барлық киноларды басып озды. Отандық фильм 107 миллион 67 мың теңге қаражат жинаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі 107 миллион 67 мың теңгемен бірінші орынға шықты, ал тағы бір отандық CocoJanbo комедиялық фильмі 62 миллион 572 мың теңгені иемденген.
"Изгоняющий дьявола: Верующий" шетелдік фильмі 45 млн 371 мың теңгемен үшінші орында тұр.
Үздік ондықта "Байдың қызын аламын", "Белгісіз батырлар" сынды қазақстандық фильмдер де бар.
Айта кетейік, "Міржақып. Оян, қазақ!" тарихи драмасының кинопрокаттан алынған еді. Алайда қазақстандықтардың наразылығынан кейін көрсетілім мерзімі ұзартылды.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?