Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мінсіз мүсінін паш еткен Алтынай Жорабаеваны көпшілік Ким Кардашьянмен салыстырды

Алтынай Жорабаева мінсіз мүсінімен көпшілікті тамсандырды. Әнші артық салмақпен күресіп жүргенін айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жорабаева елдің оңтүстігінде өткен тойға қатысты. Әдетте қара түсті киімді жиі киетін Жорабаева бұл жолы алтын түсті көйлегімен жарқырап шықты. Көпшілік Жорабаеваның арықтағанын байқап, жылы лебіздерін жаудырды. 

Ал әншінің өзі артық салмақпен күресіп жүргенін мойындады. 

"Алла бұйыртса, әлі 15 кг салмақ тастауым керек. Өзімді қатты қамшылаудамын. Кейде телефонды алып, өзім селфи жасап кетемін осылай. Иә, свет арттан түсіп тұрған соң аяқтарым "просвечивается".

Көйлек ұзын болған соң, аяғымды ыңғайлап қойып алып дегендей. Негізі аяғым түп-түзу ғой. Оны білесіздер ғой, иә",  – деп жазба қалдырды әнші желідегі парақшасында. 



Желі қолданушылары әншінің сұлулана түскенін айтып, америкалық танымал модель Ким Кардашьянмен салыстырды.

"Кардашьян жолда қалды", "Қалай азып жүрсіз?", "Арықтамасаңыз да әдемісіз, өзіңізге жарасады", "Ким Кардашьян болып тұрсыз", "Фигура Джей Ло болып тұр ғой",  – деп жазды олар.

Талқылау