AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министрлік: "Апат орнына келген әрбір өрт сөндіруші жарылғыш зат бар екенін білген"

Қорғаныс министрлігі өкілдерінің айтуынша, Байзақ ауданындағы жарылыс ошағына келген әрбір сарбаз, әрбір өрт сөндіруші әскери бөлімде жарылғыш заттар бар екенін білген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар топтамасына сілтеме жасап.

жамбыл

Олардың айтуынша, қызметкерлерге бастарына төнген қауіп жайында ескертілген. Ал апат ошағына айналған әскери бөлімге Арыс қаласындағы горнизоннан 4 тоннаға жуық оқ-дәрі жеткізіліпті. 

Мамандардың мәліметінше, олардың ішінде жойқын күшке ие снарядтар мен қару-жарақтар болмаған. Себебі 28/349 әскери бөлімінде тек инженерлік оқ-дәрілерді сақтауға арналған қоймалар орналасқан. Сондықтан Арыстағы жарылғыш заттардың 10 пайызын дәл осы әскери бөлімге әкелу туралы шешім қабылдаған. Ал 2019 жылы құрылған ведомство аралық  комиссия арнайы жоба әзірлеген. 



Соған сәйкес, 2024 жылға дейін Қайнар ауылы қауіпсіз аймаққа көшіріліп, қоймалар да тау етегіне ауыстырылуы керек болған. Бірақ үлгермей қалдық дейді бас инспекцияның басқарма бастығы. Өйткені мұндай үлкен жобаларды жүзеге асыруға қомақты қаржы мен көп уақыт қажет еткен. Сөзінше, қазіргі уақытта екі үлкен қойма салынып жатыр екен.

Алдағы уақытта еліміздегі барлық оқ-дәрі сонда тасымалданбақ. Ал Семей, Сарыөзек, Отар қоймаларындағы қарулар Арыстағы арсеналға жетпейді дейді ол. 

 "Бүкіл еліміздегі жан-жақтан келген қару-жарақтың барлығы сол жаққа жиналады. Басқа да әскери бөлімдерде тек қана күнделікті жауынгерлік дайындыққа қажетті аз ғана оқ-дәрілер қалады. Ол өте аз мөлшерде. Ал үлкен-үлкен снарядтарымыз, ракеталарымыз және басқа жарылғыш заттарымыздың барлығы жаңадан соғылатын қоймаларымызда сақталатын болады", – деді ҚР Қорғаныс министрлігі бас инспекциясының басқарма бастығы Жұмабек Хасенов.


"Қашып кеткен": Жамбыл облысында зардап шеккен әскери қызметкерлер оқиға жайлы өз нұсқаларын айтты


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр