Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қашып кеткен": Жамбыл облысында зардап шеккен әскери қызметкерлер оқиға жайлы өз нұсқаларын айтты

Әскерилер Тараз маңындағы жарылыс орнынан қашып кетті деген қауесетке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Жамбыл облысындағы жарылыс орнында болған жағдайға қатысты әскерилер мен прокурорлар түсінік берді. 

Олар “әскерилер жарылыс орнынан қашып кетті” деген ақпаратқа нүкте қойып, жарылыс қалай болғаны туралы айтып берді. 

Соңғы ақпарат бойынша, жеке басы арнайы тексеруден кейін ғана анықталған үш әскериді ақтық сапарға шығарып салды. 

Дәрігерлер алты күн бойы тағы екі құрбанның өмірі үшін күресуде, олар ауыр күйік алған.

Тірі қалған өрт сөндірушілерге қауіп туралы ешкім ескертпеген.

“Өрт сөндірушілер алғашқы алып келген суды толығымен бітіріп, екінші суға кетіп бара жатқан. Одан кейін ешнәрсе есімде емес, жарылыс болды. Барлығымыз бір орында тұрдық. Мұндай жағдай болады деп ешкім күткен жоқ”, –дейді "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының инженерлік әскерлер дирекциясының басшысы. 

Аға лейтенант Нұрболат Құрал он сегіз әскерге шақырылғандардың взводын қауіпсіз жерге жеткізіп, артынша әріптестерін құтқаруға келген. 

“Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Барынша көп адам құтқаруға тырыстық, бар күшімізді салдық. Жарылыстан кейін мен есімді біліп тұрдым, бірақ айнала түтін, ешнәрсе көрінген жоқ. Біреулер жылап, айқайлап жатты. Біз көліктің жарығына қарай жортып бардық. Артынша жағдайы нашарларды жедел жәрдем көлігіне жеткіздік”, – дейді 42062 әскери бөлімінің мотоатқыштар ротасының командирі Нұрболат Құрал.



Жарылыстан 15 адам қаза тапты, тағы біреуі із-түссіз жоғалды. Қаза болғандардың ішінде – тоғыз өрт сөндіруші, үш әскери қызметкер, бөлімшенің әскерилендірілген қарауылының бір мүшесі және әскери прокурор Арман Қапезов бар. Белгілі болғандай, ол өрт болған жерге кезекші екі қызметшісімен келді. Біреуінің соққыдан жұлыны сынған. Бірақ ол бір иығымен бір шақырымнан астам жүріп өтіпті.

Нұрбек Күшеков, Оңтүстік өңірінің әскери прокуратурасының аға прокуроры: 

“Ер адамды қолтықтап, киімдерін шешіп, қаруларын шешіп сүйредім. Біз төрт метрге дейін қазылған окопқа құлап кеттік. Артынша біртіндеп жолға шықтық. Бір көлікті тоқтата бастадық. Көліктер мүлдем тоқтамай қойды, өйткені адамдар бізге үрке қарады. Бір “Нива” көлігі тоқтады. Көлікке отырған кезде мен есімнен танып қалдым”, – дейді ол.

Төтенше жағдай күні қалалық ауруханадан басқа жараланғандар әскери госпитальге жеткізілгені белгілі болды. Барлығының дерлік миы шайқалған, контузиясы бар және мембраналары жарылған. Олардың арасында аяқтары мен қолдары сынған адамдар да болды.

“Осы әскери бөлімнің 31 әскери қызметшісі түрлі жарақаттар алды, олардың 29-ы бүгінгі күнге дейін емдеу мекемелерінде жатыр. Бұл жерде ешқандай қашу туралы сөз болуы мүмкін емес, себебі бұл бөлімшенің жеке құрамының үштен бірінен астамы түрлі дәрежедегі жарақат алған”, – дейді "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі қолбасшысы Ораз Кучуков.

Сынық, көгеру және ұсақ сынық жарақаттарымен 24 өрт сөндіруші ауруханада қалады. Олардың кейбіреулері жақын арада шығарылады деп уәде етілген. Күйіп қалған тағы бір өрт сөндіруші санитарлық авиациямен Нұр-Сұлтанға жіберілді. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Талқылау