Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылшаның тарауына байланысты мектептер мен университетте карантин енгізіле ме - Министрлік түсіндірді

Министрліктер елімізде білім беру ұйымдарында қызылша ауруына байланысты жағдайдың қалай екеніне пікір білдірді. Мәліметтерге сәйкес, жағдай толығымен бақылауда және әзірге карантин енгізілмейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

қызылша

Үкімет брифингінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ЖОО-да қызылшаға байланысты жағдай тұрақты екенін жеткізді. Айтуынша, бүгінгі күнге дейін оқу орындарында 8 мыңға жуық студент медициналық көмекке жүгінген.

"Бірақ олардың 200-300-ге жуығы қызылша ауруына күдікпен қаралған. Біз Денсаулық сақтау министрлігімен, бас санитарлық дәрігермен тікелей байланыстамыз. Жағдайды мұқият қадағалап жатырмыз. ЖРВИ-дің өршуі бар. Бірақ қызылша дерегі аз", – деді Саясат Нұрбек.

Өз кезегінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан әзірге қызылшаға байланысты мектептерді карантинге қою туралы шешім болмағанын айтты.

"Әкімдіктер мен Оқу-ағарту минситрлігі тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Әзірге денсаулық сақтау министрлігінен бұл бағытта нақты шешімдер жоқ. Біз департаментпен үнемі байланыстамыз", – деп қосты Бейсембаев.

Талқылау