Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр Нұржігітов Жамбыл облысының әкіміне қатысты сын айтылған жазбаға не үшін лүпіл басқанын түсіндірді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашүкеевке қатысты сын жазылған жазбаны не үшін лүпіл басқанын су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Әлеуметтік желіден

Бұл сұрақ журналистер тарапынан қойылды, өйткені министр бұған дейін осы өңірді басқарған еді.

Сенаттың дәлізінде журналистер министрден Қарашүкеевтің жұмысына көңілі толмай ма деп сұрады. Себебі министр бұған дейінгі еңбек өтілінде Жамбыл облысын басқарған еді.

"Мұндай жазбаларға лүпіл басқанымды есіме түсіре алмадым. Әлеуметтік желілерді қарап отырып, байқамай басқан шығармын. Жалпы, жаңа әкімнің жұмысына ешқандай шағымым жоқ", – деп қысқа жауап берді министр.

Айта кетейік, Нұржігітов 2021 жылдан 2022 жылдың сәуір айына дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Сол жылы облыс басшысы болып тағайындалды. 2023 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен су ресурстары министрі болып тағайындалды.

Ал Қарашүкеев Жамбыл облысының әкімі қызметіне 2023 жылғы 5 қыркүйекте келді. Бұған дейін ол ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарған, сондай-ақ Қазақстан Қаржы министрінің орынбасары болған. Әр жылдары "ҚазАгро" холдингінің басқарма төрағасы, сондай-ақ президент әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызметтер атқарған.


Балқаштағы орындық пен қоқыс жәшігінен тұратын "жаңа демалыс аймағы" қазақстандықтардың күлкісіне қалды


Еске салайық, бұған дейін желіде кітаппен фотосын жариялаған Жамбыл облысының әкімі күлкіге қалғанын жаздық. Қарашөкеев Instagram желісінде 2025 жылды Жамбыл облысында кітап жылы деп жариялады. Әкім жаңа жылдық мерекелерде екі кітапты – Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" және ақын Күләш Ахметованың "Құт" атты жыр жинағын оқуға бел буғанын айтты. Әкім сол үшін кітаппен фотоға түсті.

Талқылау