Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр Нысанбаев орынбасарының кабинетінде жүргізілген тінтуге қатысты пікір білдірді

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев сенат кулуарында өзі басшылық ететін ведомство қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тергеу жүргізіп жатқанына, оның ішінде орынбасары Мансұр Ошурбаевтың кабинетіне тінту жүргізілгеніне қатысты жаңалыққа пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Ол әзірге Ошурбаевқа ешқандай айып тағылмағанын атап өтті. 

“Қазақстан павильонын Дубайдағы іс-шараға дайындау ісіне байланысты оның кабинетінін құжаттар тәркіленді. Қазір ол – куәгер. Бұлтартпау шарасы тағайындалған жоқ, жұмысын істеп жатыр”, – деді Ерлан Нысанбаев. 

Ол әзірге вице-министрді жұмыстан шығаруды жоспарлап отырған жоқ. 

“Тергеу қорытындысына қарай шешім қабылдаймыз. Әзірге ол тек куәгер ретінде тіркелген, білуімше, тергеумен серіктестікте жұмыс істеп жатыр”, – деп атап өтті министр. 

Журналистер Ошурбаев бұрынғы премьер-министр Смайыловтың командасынан болғандықтан оны “біреу ұстап берген” деген өсек тарап жатқанын сұрады. Бірақ Ерлан Нысанбаев бұл туралы ештеңе білмейтінін айтты.  

Бұған дейін БАҚ беттерінде Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев ұсталды деген ақпарат тараған еді. 

Талқылау