Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі коронавирусқа қатысты үндеу жариялады

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-тегі парақшасында Қытайдағы коронавирустың өршуіне байланысты республика тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Біртанов

"Достар, коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты, симптомдар пайда болған жағдайда: дене қызуы, жөтел және тыныс алудың қиындауы, тұрғылықты мекен-жайы бойынша өз дәрігеріңізбен хабарласуларыңызды немесе 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыруларыңызды сұраймыз. Коронавирус бойынша қосымша ақпаратты анықтау үшін сіз біздің мамандарымызға тәулік бойы 1406 нөміріне қоңырау шала аласыз.

Осы симптомдар байқалған жағдайда дәрігерге қаралуды тездетіңіз!

Біздің еліміздің эпидемиологтары, инфекционистері мен дәрігерлерінен құралған команда біздің барлығымыздың қауіпсіздігі үшін тәулік бойы жұмыс істейді. Біз қажетті көмекті уақытында көрсету үшін қажетті барлық жағдайды жасаймыз.

Сондықтан да медиктерге олардың еңбегі үшін алғыс айтқым келеді. Нағыз қауіптің ортасында жүрген солар! Үлкен рахмет!

Айта кету керек, Қытаймен мемлекеттік шекара арқылы өтетін барлық пункттерде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді, оның барысында ағымдағы жылдың 6 қаңтарынан бастап барлығы 20 мыңнан астам адам қаралды.

Барлық халықаралық өткізу пункттерінде тепловизорлар орнатылған. Олар тұрақты, әдетте жолаушылар үшін байқалмайды. Бірақ әрбір өтетін адам сканерленеді. Бұл дегеніміз, егер өтіп бара жатқан жолаушының температурасы нормадан жоғары болса, онда автоматты түрде мамандардың экрандарында қызыл белгі пайда болады және дыбыс сигналы жүреді. Маман жолаушыны оқшаулау үшін шекарашыларға ақпарат береді. Бұдан әрі біздің қызметкерлер медкабинеттерде алғашқы тексеру жүргізеді.

Бүгінгі таңда елімізде жекелеген бокстарда ЖРВИ белгілері мен температурасы бар 78 адам ауруханаға жатқызылып, оқшауланды, олардың 32-і жазылып шықты, стационарларда медициналық бақылауда 46 адам қалып отыр.

Алматыда аса қауіпті инфекциялар ғылыми ұлттық орталығы базасында Ұлттық биотехнологиялар орталығымен бірлесіп, ДДҰ әдістемесіне сәйкес коронавирустың генетикалық диагностикасы жолға қойылған, қазіргі уақытта барлық зерттеулер жүргізілуде.

Айта кету керек, қазіргі уақытта жағдайдың 99 пайызы - ЖРВИ, талдау нәтижесінен кейін көрсетілген.

Республикада демеуші терапия үшін барлық қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар бар, дәрігерлік және орта медициналық персонал және жұқпалы ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстары бар орындар дайындалды.

Маскалар бойынша қазіргі таңда жеткілікті резерв бар екенін хабарлаймыз. Медициналық мекемелер толық қамтамасыз етілген. Біздің бастамамыз бойынша ведомствоаралық штабта жергілікті жерлердегі дәріханаларды бақылау қажеттілігі туралы осы мәселе айтылды. Біз облыс және қала әкімдерінен жергілікті бизнесмендерді қосымша маскалар шығаруға және импорттауға шақыруын өтіндік", - делінген хатта.

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында сегіз күннен бері іздеуде жүрген қыз құрбысының үйінде жатқан

Бойжеткеннің туыстары оның із-түссіз жоғалып кеткендігін айтқан

Ішімдік ішіп, қонақ үйге құсып тастаған: Қазақстандық төрт биатлоншы олқы қылықтары үшін ұлттық құрамадан шеттетілді

Ең зиянды әдеттер аталды

бұл қылықтар денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін

Туризм индустриясы комитетінің төрағасы тағайындалды

Бұл лауазымға Дастан Рыспеков ие болды

"Бір жерге тегін жеткім келді": Павлодарда көліктегі әйелге шабуыл жасаған азамат құрықталды

Оқиғаға қатысы бар деп Ақсудың тұрғыны ұсталған

Bek Air ұшағының құлау сәті видеомен көрсетілді

Мамандар ұшақ апатын визуал

Мәдениет министрлігі: Әнші фонограмма жайлы алдын ала ескертуі керек

Орындаушы концерт фонограммамен өтетіндігі жайлы билет сатылмай, жарнама бермей тұрып айтуы шарты

14 күнге карантинге жабылады: Қазақстанда коронавирус анықталған елдерден келген азаматтар қатаң бақылауға алынады

Коронавируске қатысты жаңа заң құрастырылды

Таксист болып жүрген жеті баланың анасына көпшілік көмектесе бастаған (видео)

Даниал Ахметов коронавирус жайлы: Қытаймен шекаралас ауыл тұрғындарына қорқудың қажеті жоқ

Әкімнің айтуынша, шекара қатаң қадағалауда
Çàãðóçêà...