Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үкімет қазақстандықтардан жаңа туған нәрестелермен, кішкентай балалармен серуендеуден бас тартуды сұрады

Қазақстандықтардан карантин кезеңінде жаңа туған нәрестелермен және балалармен көшеде жүруден бас тартуды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Жаңа туған нәрестелерге қатысты айтсам, оларды қорғау керек. Мен олардың үйде болғанын қалаймын, оларға маска іздегенше, сыртқа шығармай қорғаған дұрыс іздеп», - деді ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ-де өткен брифингте.

Спикер бұл мәселе тек нәрестелерге ғана емес, барлық балаларға қатысты екенін айтты.

«Осы кезеңде сіздерден серуендеуден аулақ болуды сұраймын, балаларымыздың қауіпсіздігі үшін бәріміз бір-бірімізді түсінуіміз керек», - деп толықтырды Ералы Тоғжанов.

Өз кезегінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларға арналған медициналық маскаларды үйде жасауға болатындығын немесе қарапайым маскаларды қалпына келтіруге болатындығын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Қазақстан маскаларды міндетті түрде кию туралы жарлық шығарды.

Талқылау