Мусин: Қазақстанда интернет сапасы дұрысталмай, айыппұл салуды тоқтатылмайды
Еліміздің цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин Қазақстандағы интернет сапасын жақсартуға қатысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, сол жерде өлшеу жүргізіліп, құжат толтырылып, сапасыз интернет үшін байланыс операторларына айыппұл салынды.
"Біз сапаны қолайлы деңгейге жеткізгенге дейін айыппұл салуды жалғастырамыз. Бұл ауылдың сапасын маусым айына дейін жақсартуға уәде берді, бірақ келіссөздер нәтижесінде операторлар сәуір айында барлық проблемаларды шешуі тиіс деп келістік. Мен байланыс сапасына қойылатын минималды талаптар дұрыс шешім екеніне тағы бір рет көз жеткіздім! Бұйрықта біз жылдамдықтың ең төменгі көрсеткіштерін 3G - 1 мбит/с кем емес, 4G - 5мбит/с кем емес деп белгіледік", - дейді ол.
Сондай-ақ, министр операторлар халыққа жылдам интернет ұсына алмаса, белгіленген заң аясында оларға шара қолданылатынын ескертті.
"Біз құзыретті мемлекеттік органдармен бірге байланыс қызметтеріне бағаны егжей-тегжейлі талдау бойынша жұмыс жүргізуге дайынбыз", - деп мәлімдеді Мусин.