"Міндетті түрде фотосалонға барамыз": Жеңіс Ысқақова бірлік күнінде әсерлі жазба жариялады
ҚР мәдениет қайраткері Жеңіс Ысқақова балалық шағын есіне алып, бірлік күнін қалай тойлайтынын баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhenisiskakova/
Өнер иесі көктемдегі мерекені ерекше сағынышпен еске алып, бала күніндегі фотосын көрсетті.
“Бала күнімде 1 май деген мереке ең бір керемет жарқын мереке еді. Менің замандастарымның бәрінің есінде қалған көктемнің шуақты күндерінің бірі шығар. Бір күн бұрын үрлеп дайындап қойған қызылды-жасылды шар мен тулар. Таң ертемен орталықтан шыққан музыка, аға-әпкелер сықиып киініп алып, мектепке қарай шығып жатқан көрініс көз алдымда. Ал менің мамам маған жап-жаңа костюм, бантик, аппақ гольфи сатып алып береді. Мереке сайын ақ мамам маған жаңа киімдер алып беретін. Орталық алаңға парадқа қатысып болған соң мамам екеуміз міндетті түрде суретке түсетінбіз. Мына сурет – сол бір бақытты балалық шақтың мерекесінен естелік”, – деп жазды әнші.
-
"Ахат бөліміне өзім ертіп апардым": Жеңіс Ысқақова отбасылық өмірінен сыр шертті
-
"Қызым" деп айтпаймын: Жеңіс Ысқақова ене мен келіннің қарым-қатынасы қандай болатынын түсіндірді
Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, балалық шағын есіне алып жатыр.
“1 мамырда міндетті түрде жаңа киім киетінбіз”, “Лимонад тегін таратылатын”, “Сол күні циркке барушы едік”, “Ол кезде парадқа шығып, ән айтып, концерт болатын”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым.
Еске салайық, өнер иесі "Үйде танымайтын адамдар жүретін" деп анасының жақсылығын айтып, жылап қалған еді.