Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ахат бөліміне өзім ертіп апардым": Жеңіс Ысқақова отбасылық өмірінен сыр шертті

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Жеңіс Ысқақова отбасылық өмірі туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhenisiskakova/

Әншінің жолдасы – қазақ спортының дамуына үлес қосып жүрген спортшы. 

“Күйеуімді неке қиятын бөлімге алып барғаным туралы әңгімені айтып жүргеніме 32 жыл толды. Менің “жоқ деп айтады-ау” деген ойым да болған жоқ. Қолынан жетектеп алып бардым десем, өтірік айтқаным емес. Биыл отау құрғанымызға – 32 жыл. Бір кісінің әзіл-шыны аралас әңгімесі бар еді. “Ерлі-зайыпты ұрысқанда бірі далаға шығып кетуі керек. 20 жылдан бері далада жүрмін” деген. Бізде де сондай ұстаным. Біреуіміз ренжігенде екіншіміз кешірім сұрай қоямыз. Менің жолдасым өте салмақты, сөзге сараң жігіт. Жақсы көремін деп те айтпайды. 30 жылдан бері әлі күтіп жүрмін”, – деп жан сырын ақтарды әнші. 



Сонымен қатар өнер иесі мәхр туралы көзқарасын да айтты. Тіпті, тұрмысқа шыққан жылдары неке сыйлығы туралы сөз болмаған көрінеді. 

“Біздің кезімізде мәхр деген дүние болған жоқ. Екеуміз қосылып, бір жатақхана алғанға мәз болдық. Солай келе адам болдық. Екеуміз отбасын құрғанда екі сөмкеміз ғана болды. Кейін ыдыс-аяғымызды алып, үйімізді толтырдық. Өз басым мәхр дегенді құптамаймын. Ең бастысы сезім, сыйластық, бір-біріңді жалықтырып алмау”, – дейді мәдениет қайраткері. 

Еске салайық, өнер иесі әріптесі Бейбіт Қорғанға араша түсіп, атыраулық келіншекті кінәлаған еді. 

Талқылау