Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйде танымайтын адамдар жүретін": Жеңіс Ысқақова анасының жақсылығын айтып, жылап қалды

Танымал әнші Жеңіс Ысқақова балалық шағы мен өскен әулеті туралы сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Отбасы альбомы” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhenisiskakova/

Өнер иесі 10 жасынан үй тірлігіне араласқан. 

“Мен үйдің кенжесімін. Әкем қатты еркелеткенімен, анам өте қатал болды. Қыздарын ес біліп келе жатқан кезінен үй тірлігіне араластырды. Үйренгенің өзіңе жақсы” дегенді жиі айтатын. Қамыр жайған кезде жанында қалай жаятынын қарап тұратын едік. “Бір үйдің ошағының тұтқасын ұстайсың” деп ақыл айтатын. Одан жаман болғанымыз жоқ. Қазір бәрін өзім істеймін. Қолдан қамыр жайып, ет тұздаймын. Анама әлі күнге дейін рақмет айтамын”, – деп еске алды әнші. 


Сонымен қатар өнер қайраткері анасының бойындағы керемет жақсы қасиеттерін де бойына сіңіргенін айтты. 

“Менің әзілге жақындығым анамнан дарыған. Ол кісі айналасындағы адамдармен әзілдесіп жүретін. Келген адамның қолын қайтармайтын. Үнемі жақсылық жасап, бізді де қайырымды болуға тәрбиеледі. Әлі есімнен кетпейді, тәңертең ұйқыдан тұрғанда үйде бөтен адамдар жүретін. Туысқанымыз дейін десек, ұқсамайды. Анамыздан сұрасақ, “Өтіп бара жатқан жолаушы ғой, қонатын жері жоқ екен” деп жауап береді. Сонда мүлдем танымайтын адамды қонақ етіп, жолына ас-суын дайындап береді. Сол кездегі адамдардың ниетінің тазалығы ғой, арам ойламайды. Тонап кетсе немесе балаларына зиянын тигізсе деп күдіктенбеген”, – деп көзінің жасын сығып алды өнер иесі. 

Бұдан бұрын Жеңіс Ысқақова енелерге ақыл айтқанын жазған едік. 

Талқылау