Миллионер ыдыс жуушы болып істеуге мәжбүр
Англияның оңтүстік-батысындағы Девон округіндегі Burgh Island сәнді қонақүйін басқаратын кәсіпкер Джайлс Фукс жұмыс күшінің жетіспеуіне байланысты қонақтардың ыдыс-аяғын жууға мәжбүр болды. Коронавирус Біріккен Корольдіктің әйгілі мекемесін мигранттарсыз қалдырды, сондықтан британдық олигархқа үлкен сұранысты өзі атқаруына тура келген.
Burgh Island қонақүйі 1929 жылы салынған. Бұл жерге келген қонақтарының арасында Агата Кристи, Уинстон Черчилль, Битлз сияқты танымал адамдар бар. Үш жыл бұрын қонақүйдің 70 пайыз үлесін сатып алған миллионер кейінгі демалыс күндерін мекеменің ас үйінде өткізіп жүр.
Үш жыл бұрын қонақүйден үлесті сатып алған 56 жастағы кәсіпкер шетелдік жұмысшылардың кетуіне байланысты кәсібіне түскен қиындықты жеңілдетуге тырысады. Кәсіпкер бірқатар шектеулерді алып тастағаннан кейін мекеменің қайта ашылуы кезінде қызметкерлердің жетіспеушілігінен жұмысты тоқтата алмады, қараша айына дейін бөлмелер брондалды. Ол арқасының ауыратынына назар аудармай, ыдыс жууды бастады.
Ұлыбританиядағы қонақжайлылық индустриясын ұсынатын UK Hospitality ұйымы осы аптада пандемиядан туындаған қонақүй индустриясында 188 мың қызметкердің жетіспейтіндігін мәлімдеді. Көптеген шетелдік жұмысшылар өз елдеріне оралып, сол жерде ақша табуға қалды.