Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Миллион адамның бақытына себепкер": Әсел Сәдуақасова күйеуінің туған күнінде жантебірентерлік жазба жариялады

Танымал актриса Әсел Сәдуақасова жолдасы Мағжанның туған күнін шетелде атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Актрисаның күйеуі орда бұзар 30 жасқа толды.

“Біздің бірге тойлайтын алғашқы туған күніміз. Менің бүгінгі сөздерім өзіңе күнде айтатын сөздерімнен ешқандай артықшылығы жоқ. Мен сені жақсы көремін және бар болғаның үшін рақмет! Жаным, сен нағыз ер азаматсың! Ақылды, дана, мейірімді, түсінігі мол, талантты жансың. Өзіңді менің көзіммен көрсең, өзіңе ешқашан күмән келтірмес едің. Мен сенен көп нәрсені үйренемін. Сен адамның жүзіндегі нұрды көресің және соларды қабылдай аласың. Сенің жүрегіңде үлкен мейірімділік бар. Сүйіктім, саған денсаулық, қуаныш, бақыт, келісім, табыс, сәттілік, ақша тілеймін! Мен сені әрқашан қолдаймын және соңыңнан еруге дайынмын. Сен дүниедегі ең бай адамсың. Өзіңді жақсы көретін ата-ана, шынайы достар, талантың, табысың, жетістігің және қазір мен де бармын. Сен миллиондаған адамның бақытына себепкер болдың. Солардың бірі – менмін. Сені шексіз сүйемін. Бір-бірімізді қолдап, жақсы көрейік”, – деді актриса.  

Өнер иесінің оқырмандары қос ғашыққа бақыт тілеп, күйеуінің туған күніне ақжарма тілектерін жаудырып жатыр. 

Еске салайық, актриса жақында құрсағындағы баласынан айырылып қалғанын жазған болатынбыз. 

 

Талқылау