Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүкіл денесін түк басқан баланың анасы жабайы мысық етіне жерік болған

Филиппиндік 2 жастағы Джарен Гамонган басқаларға ұқсамайтын, өзгеше кейіпте дүниеге келді. Джареннің анасы бүкіл денесін түк басқан баласының ерекше болып туылуына өзін кінәлі деп санайды. Әйел Джаренге жүкті кезінде жабайы мысық етіне жерік болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Viral Press

Филиппиндік Апаяо қаласының тұрғыны екі жасар Джарен Гамонганның бүкіл денесін, сондай-ақ бетін, желкесін, арқасы мен қолын түгелдей түк басқан. Джареннің анасы Альма мұны жүктілік кезінде қара жабайы мысықты жегендіктен болды деп ойлайды. Келіншек қара жабайы мысықтың қарғысы балаға тиді деген ойда.

Оның айтуынша, өзі тұратын шалғай таулы аймақта экозиталық тағамдар дайындалады. Атап айтқанда, әйелдің жабайы мысықтың етіне аңсары ауған. Сөйтіп ауылдастарына жабайы мысық тауып беруін өтініп, оның етін шөппен араластырып, қуырып жеген. Бірақ Джарен дүниеге келгенде бұл ісіне қатты өкінген. 

Джаренді білікті дәрігерлерге көрсеткенде мамандар мұның ешқандай қарғыс емес, гипертрихоз деп аталатын ауру екенін айтады. Бұл миллиардтан бір адамда кездесетін синдром болып шықты. Орта ғасырдан бері мүндай синдроммен әлемде тек 50-ден 100-ге дейін жағдай тіркелген.

“Джареннің мектепке баратын жасқа жететінін ойласам мазам қашады. Басқа балалар оны мазақ етуі мүмкін. Ол туылғанда өзімді кінәлі сезіндім. Бірақ дәрігерлер бұл аурудың жабайы мысық етіне еш қатысы жоғын айтты”, – дейді Альма.

Альманың Джареннен басқа екі баласы бар. Бірақ олардың ішінде тек Джарен ғана ерекше болып дүниеге келді. 

Джареннің денсаулығы жақсы. Тек ыстық күндері қалың түктен тері қышып, бөртпелер пайда болады.

“Ыстық күндері Джаренді жуындырып аламын. Шашын қысқартып та көрдік. Бірақ қысқартқан сайын шашы тез өсіп, қалыңдап кетті. Сондықтан қысқартуды да қойдық”, – дейді Альма.

“Біз мұны тұқым қуалайтын ауру деп есептейміз, бірақ бұл өте сирек миллиард адамның біреуінде ғана кездеседі. Гипертрихоздың емі болмаса да, лазерлік эпиляция әдісін қолданып көруге болады. Төрт-алты аптада он сеанс жасауға тырысамыз, содан кейін бақылаймыз”, – дейді Джаренді тексерген дәрігер. 

Әр сеанс теңгеге шаққанда шамамен 19 820 теңге тұрады. Альма баласы үшін көмек сұрайды.

“Бізге көмектескен жандарға алғысым шексіз. Сіздердің көмектеріңізбен ұлым жақсы өмір сүреді деген сенімдемін”, – дейді Джареннің анасы.

Талқылау