Миллиардер 650 миллион долларын қоластындағыларға бөліп беруге шешім қабылдады
Британдық миллиардер Марк О'Хара қоластындағыларға компанияны сатудан түскен 650 миллион долларды (308 миллиардтан астам) бөліп беруге шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fortune басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Fortune
Жақында әлемдегі ең ірі инвестициялық компаниялардың бірі Blackrock О'Хара 2002 жылы негізін қалаған Preqin деректер компаниясын сатып алды. Мәміле 3,32 миллиард долларды құрады.
О'Хара мен оның әйелі Линди компанияның 80 пайызына иелік етті. Сатылғаннан кейін олар 2,6 миллиард доллардан астам ақша алады, бұл оларға Ұлыбританиядағы ең бай жүз адамның қатарына кіруге мүмкіндік береді. Қалған қаражат, шамамен 650 миллион доллар, Preqin басшылығы мен 1,5 мың қызметкер арасында бөлінеді. Басылымның хабарлауынша, бұл қадам О'Хараның қарамағындағыларды миллионер жасайды.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"