Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаев: Шоу жасап, халықты алдамаймын

Әр концертінің алдында «Менен шоу күтпеңіздер», – деп бірден кесіп айтатын Роза Рымбаеваның ұстанымы, енді Мейрамбек Бесбаевқа жұғысты болған көрінеді. Ән әлеміндегі 30 жылдық кешіне қызу әзірленіп жатқан «Музарттық» әнші, мерейтойында шоу-бағдарламадан бас тартыпты.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Жалпы біздің «Музарттың» менің тыңдармандарымның бәрі аспаннан түсіп, оттың арасынан шығып, анау-мынау жаңағы шоу жасап алдамайтынымызды біледі. Біз тек ән саламыз шыны керек!” – дейді Мейрамбек Бесбаев.

Мейрамбектің айтуынша, мерейтойлық кештің басты ерекшелігі тың тректер мен жаңа дуэттер. Әдетте, әріптестерімен бірігіп ән жазуда аса талғампаз өнер иесі, бұл жолы ұсыныс білдірген інілерін өзектен теппеген. Мәселен, Ұшқын Жамалбек өз сазгерлігінен туған өлеңін кеш иесімен қосыла шырқамақ!

“Зерттеп жаздым! Сол кісінің дауысына, сол кісінің музыкалық бағытына келетіндей қалып жаздым, барынша қолымнан келетіндей қылып. Сөйтіп ұсындым, аға бірден жақсы ән екен деп жауап берді. Қуанып қалдым”, – дейді әнші әрі композитор Ұшқын Жамалбек.

“Кейінгі жазылған сол Мәдинамен дуэт, Қайрат Нұртас бауырымызбен жазылған әндерді біз көп жерде орындаған жоқпыз. Соның сәті осы жолы бәрімізге бірігіп түсіп тұр екен”, – дейді Мейрамбек.

Бұл жолы Сәдуақасоваға да ностальгияға бөленіп жүр. Мейрамбек пен Мәдинаның жүзбе-жүз таныстығы 2000-шы жылдан бастау алған екен. Ол 9 жасында, бала Беспаевты ең алғаш журналдың мұқабасынан көргенін айтады.

“Сол кезде ішін оқысам, жас бала «Бозторғайды» шырқап, бүкіл халықты өзіне қаратып, жылатып деген әдемі мақала шыққан екен. Сол есімде қалды. Сосын телевизордан көрдім. Содан кейін кассеталардан «Бозторғайды», Тоқтар екеуінің әндерін естіп, тыңдап өстік”, – дейді Мәдина.

Мейрамбек Бесбаев мерейтойлық ән кешін, қараша айының 8-і күні Алатау баурайындағы зәулім сарайда атап өтетін болады.

Жіберіп алмаңыз:

“Жігіттер” тобындағы Айдар алғаш рет отбасы жайлы айтты

Балғынбек Имашев елбасыдан Атамбаев үшін кешірім сұраған қырғыз ақынына жауап берді (видео)

Гүлзира Айдарбекова немерелері үшін арнайы жоба жасамақ

Ақбота Сейітмағамбет пен Әли Оқаповтың арасында не бар? (видео)

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр