Мейрамбек Бесбаев пен Ғазизхан "Один дома" фильміндегі Трамп қатысқан сахнаны қайталады
Мейрамбек Бесбаев әріптесі Ғазизхан Шекербековпен бірге Америкаға аттанды. Қос жұлдыз Нью-Йорктегі "Плаза" қонақ үйінде болып, әйгілі "Один дома" фильміндегі Дональд Трамп қатысқан сахнаны қайталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Американың бұрынғы президенті Дональд Трамп "Один дома-2" фильміне түскен еді. Ол кезде "Плаза" қонақ үйін басқарған экс-президент эпизодтық рөлде ойнап, бас кейіпкер Кевин Маккалестерге барар жолды нұсқаған. Бесбаев пен Шекербеков аталған қонақ үйге барып, дәл осы сахнаны қайталады.
Көпшілік Трамптың рөлін сомдаған Бесбаевқа риза болып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны үшін алғыс айтты.
"Вайн түсіруді сізден үйрену керек екен ғой", "Трамп сияқты дәулетіңіз бен абыройыңыз болсын", "Трампты ойнаған рөл жарасыпты", "Микобай Трамп", - деп жазды желі қолданушылары.
Бұдан бөлек, әнші америкалық қазақтармен бірге Наурыз мерекесін тойлады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған