Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мейірім көрсетпедің": Тәуекел Мүслім анасын айыптады

Танымал актер Тәуекел Мүслім өзін қараусыз қалдырған анасына өкпе-ренішін білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Қыздар-ай” бағдарламасына сілтеме жасап.

©instagram.com/mussilim

Тәуекел Мүслімнің анасы Галина Мамажан кішкентай кезінде балаларына көңіл бөле алмағанын айтып, оның себебін түсіндірді.

“Тәуекелім маған: “Сіз бізге қарамайтын едіңіз, ыстық ықыласыңызды сезіне алмадық. Жұмыстан шаршап келіп тамағымызды бересіз. Бізбен сөйлеспейсіз” дейді. Менің ол кезде уақытым болған жоқ. Балаларымды асырап, бағамын деп оларға қарауға уақытым болмайтын. Өзім шаршап келемін, олардың тамағын жасаймын, кірін жуамын, ертеңінде тағы жұмысым бар. Соның бәріне үлгеруім керек болды. Сонда балам маған: “Ешқандай мейірім көрсетпедіңіз” деп ренжитін”, – дейді актердің анасы.

Тәуекел Мүслімнің ата-анасы бала күнінде ажырасып кетсе де, анасы бұрынғы күйеуінің туыстарымен әлі күнге дейін араласып тұратын көрінеді.

“Тәуекелдің әкесімен біраз уақыт араласпай жүрдік, кейін әкесі өз келіп тұрды. Ұлым 5-6 сынып оқып жүргенде әкесінің туыстарымен жақын араласа бастады. Сөйтіп аз уақыт болса да әкесінің тәрбиесін көрді. Мен әлі күнге дейін енеммен араласып тұрамын. Күйеуіммен айырылысып кетсем де туыстарымен жақсы қарым-қатынастамын”, – дейді Галина Мамажан.

 

Талқылау