Месси ПСЖ-дан қысқы трансфер уақытында кетуі мүмкін
Барселона шабуылшы Лионель Мессиді клубқа мүмкіндігінше тезірек қайтаруға мүдделі – бұл өзгеріс қазірдің өзінде қысқы трансфер уақытында жүзеге асып қалуы ықтимал, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sport24 сайтына сілтеме жасап.

Каталондық клуб үнемделген барлық ақшаны жұмсау үшін қаңтарда жарамды мүмкіндікті пайдаланғысы келеді, өйткені келесі жазда ережелер қатайтылады, ал бұл Барсаға үнемделген әрбір 4 еуроның 1 еуросын ғана жұмсауға мүмкіндік береді.
Осылайша, клубтың мақсаты қаңтарда Мессиді сатып алу, алайда бұған әртүрлі себептер тосқауыл болуы мүмкін. Біріншіден, ПСЖ маусымның ортасында Мессимен қоштасуды жоспарлап отырған жоқ. Екіншіден, клубтар арасындағы қарым-қатынас та онша жақсы емес.
Қазіргі уақытта екі тараптың да ақпаратына сәйкес, Барселона ойыншының өзімен тікелей байланысқа шықпаған.
Еске салайық, Месси каталондық клубтан франциялық ПСЖ-ға 2021 жылы ауысқан еді. Шабуылшы биылғы маусымда лигада өткен 11 ойында 6 гол салып, 9 нәтижелі пас берген.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді
Немересі: "Әжем өзінің танымал екенін әлі білмейді"
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген